БЕКЖАНОВА ЖАНАТ САДУҚЫЗЫ
«Жыл мұғалімі -2007» байқауының Бас жүлде иегері. Ш. Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназия. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Бекжанова Жанат Садуқызы 23.11.1974ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген.
1996 жылы Абай атындағы Қаз ҰПУ қазақ филологиясы факультетін, 1999 жылы аталған оқу орнында «Жалпы тіл білімі және тіл тарихы» кафедрасында аспирантураның күндізгі бөлімін бітіреді.1999 жылдан бері №12 мамандандырылған гимназияда жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты мұғалім әрі оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді. 2007-2009 жылдар аралығында мектепте жұмыс жасай жүріп, «Айгөлек» балалар журналында қызмет атқарды.Педагогикалық қызметке кіріскеннен бастап, жан-жақты, шығармашыл, өз пәнінің білікті маманы екенін көрсете білді. Еңбегінің нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
Медеу аудандық «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі» байқауының І орын жүлдегері (2001.2003жж). «Қазақша –корейше, корейше-қазақша» сөздіктің қосымша авторы (ОК.Сеул. 2006ж). «Білім беруді ақпараттандыру» ІҮ Халықаралық форумының үздік қатысушысы (2006 ж). «Жыл мұғалімі -2007» байқауының Бас жүлде иегері. «Жаңалықтың жаршысы» номинациясының жеңімпазы. «Алматы жыл мұғалімі» клубының белсенді мүшесі. 2007-2008 жылдары ҚР Примьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Білім жене ғылым министрі Ж.Х.Түймебаевтың қатысуымен халықаралық деңгейде өткізген «Қазақ тілін оқытуда заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, халықаралық көлемде Сингапур, Оңтүстік Корея, Қырғыз мемлекеті, Алтай қазақтарына өткізген мультимедиялық ашық сабағы үшін алғыс хаттармен, Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақ тілін оқытудағы тәжірибесі аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде педагогтар арасында әлі де таратылып келеді. Қазақ тілі бойынша бірнеше ғылыми –әдістемелік еңбектері «Қазақ тілі мен әдебиеті», «А.Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімі» журанлдарында , сндай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік жинақтарда жарияланды. 2008-2018 жылдар аралығында оқушылары түрлі білім сайыстарынан, пән Олимпиадаларынан, «Көркемсөз оқу шеберлерінен» аудандық, қалалық, республикалық деңгейде жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Білім беру ісінде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, шығармашылыққа баулығаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қалалық білім басқармасының, қалалық білім жетілдіру институтының, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
Жұмыс нәтижелерін төмендегідей атап өтуге болады:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аудандық (I орын), қалалық (IIІ орын) олимпиада жүлдегері. 9-сынып. 2018ж. Тұрысбек Алуа
2. «Есімі ел мен жердің жүрегінде» шығарма байқауынан ІІ орын.9-сынып.2018ж. Қанатова Гүлдана
3. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аудандық (I орын), қалалық (II орын), республикалық (III орын), олимпиада жүлдегері 11-сынып Лекерова Жанар. 2016 ж.
2. Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық олимпиададан оқушысы 11-сынып оқушылары Тұрсынғали Маржан, Өтепбергенова Нұржанат III орын. 2016 ж
3. Алматының 1000 жылдығы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған аудандық «Мағжан оқулары» байқауында 8-сынып оқушысы Талғат Азиза, III орын.2016ж
4. «Полифония-2015» халықаралық балалар әдеби байқауында «Қазақ тіліндегі проза мен поэзия» аталымында Шүленбай Дана. 29.10-1.11.2015ж
5. «Жарқын болашақ» VI, VII, VIII қалалық KATEV қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Әбілғазы Мұхаметқали, III орын. 2016ж
6. «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» халықаралық конференция аясында «Ұлттың ұлы тұлғасы» шығарма байқауында 11-сынып оқушысы Бекішқызы Жұлдыз, Iорын. 2016 ж
7. «Ақ дәннен ақ нөсер жаудыраған» атты аудандық Мұқағали Мақатаев оқулары байқауында Әбілғазы Мұхаметқали, III орын.2016 ж
8. «Менің отбасым» тақырыбында қалалық шығарма байқауында 7-сынып оқушысы Даутхан Аяужан II орын, 2015 ж
9. «Қазақ» газетінің 100 жылдығына орай «Қазақтың ұлы мұраты» атты шығармалар байқауында 11-сынып оқушысы Ендібай Толғанай, III орын.2013ж
10. Мағжан оқулары. ІІІ орын. 2017ж. 9-сынып.Талғатқызы Азиза
11. «Табиғатты аялайық, адамзат» халықаралық шығарма байқауынан
І орын. Даутхан Аяужан. 8-сынып. 2016ж.
12. «СДУ грантын ұтып ал!» атты білім сайысында оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетіп келеді. 2013,2014,2015 ж.ж
14. «Түркі халықтарына ортақ әдеби тіл тарихы» атты халықаралық конференцияда іс-тәжірибесі таратылды. 23.09.2015 ж
15. «Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін және инновациялық тұрғыдан ойлауын қалыптастыру» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарға қатысушы, модератор. 25-29 наурыз, 2013 ж.
АРЫН ЕРЖАН
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымының магистрі. Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ы.Алтынсарин» медалінің иегері.
Арын Ержан Омарұлы Алматы қаласы Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымының магистрі.
1988-1990 жылдар аралығында Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатты бітірді.1990 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетіне түсіп, 1994 жылы «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.
2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасына түсіп, 2014 жылы «педагогика ғылымының магистрі» академиялық дәрежесін алып шықты. 1994 – 2014 жылдар аралығында Абай атындағы Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
2015 жылдың қыркүйегінен Алматы қаласы Медеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда.
2000 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2012 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталдым. 2007 жылы «Қазақ білім академиясы» қоғамдық бірлестігі Төралқасының шешімімен «Жаңашыл педагог» атағы берілді.
«5–11-сыныптарда қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламалары»(2003ж.), «8–11-сыныптарда қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламалары»(2001ж.), «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы»(2007ж), «8–11-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиетінен әдістемелік нұсқаулар»(2003–2007жж.), «Мәнерлеп оқу», «Түркі өркениеті», «Абайтану», «Әуезовтану» арнаулы курстары бағдарламаларының авторы.
2012 жылдан «Атамұра» баспасынан шыққан жалпы орта білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған Әдебиет оқулығының, 2015 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан 6-сынып Әдебиет оқулығының авторлар құрамында.
2012 жылдан жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-11-сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша типтік бағдарламалардың авторлары құрамындамын.2013 жылы «Мектеп» баспасынан дайындалған 12-жылдық білім берудің 11-сыныптарына арналған (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) Қазақ тілі оқулығы авторларының құрамында болды.
2016 жылы ҚР Президенті «Болашақ» бағдарламасының иегері атанып, Герман Федеративтік Республикасы Берлин қаласындағы Гумбольдт атындағы университет қабырғасында «Шет тілді үйрету мен оқыту» әдістері атты ғылыми тағылымдамадан өтті.
2018 жылы «Мектеп» баспасынан шыққалы отырған орыс тілінде жалпы орта білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығының және «Әдістемелік нұсқаудың» авторлар құрамындамын. 2019 жылы «Мектеп» баспасынан шығатын 10-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешеннің авторлар құрамында жұмыс жасап жатыр.
2000 жылы Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткен олимпиаданың І дәрежелі дипломмен марапатталды.2017 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Қ.Қатықбаева атындағы «Рухани жаңғырудың тірегі – тіл» байқауында Бас жүлдемен марапатталды.
2017 жылы желтоқсан айында «Дарын» РҒПО өткізген «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы Алматы қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсын 640 академиялық сағат көлемінде табысты аяқтады.
2003 жылдан бастап «Дарын» РҒПО-ның қазақ тілі мен дәебиетінен сырттай оқу мектебінің «Библиотека олимпийца» бағыты бойынша әдістемелік құралын дайындады.2015 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия қабырғасынан шығатын «Жас өркен» газетінің жауапты хатшысы болдым.
Жиырмадан астам ғылыми-әдістемелік мақалалары ғылыми-әдістемелік басылымдарда тұрақты жарияланып келеді.
Еңбек жылдарының барлығында оқушылары аудандық, қалалық, республикалық пәндік және түрлі тақырыптардағы олимпиада, байқаулар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып келеді.