ҚАЖЫМ (ҚАЖЫҒАЛИ) ЖҰМАЛИЕВ
Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
Қажым (Қажығали) Жұмалиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұрынғы ҚазПИ-дің) «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1927-1932 жылдары жоғары білім алды. 1937-1968 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметі бойынша ғылыми-педагогикалық қызмет істеді.
Академик Қажым (Қажығали) Жұмалиевтің ғылыми ізденістерін құрайтын басты салалары:қазақ фольлортануы, қазақ әдебиетінің тарихы (XVIII-XX ғасырлар), әдебиет теориясы, абайтану мәселелері, ауызша және жазбаша поэзияның поэтикалық үндестігі мен өзгешеліктері.
Академик Қажым (Қажығали) Жұмалиев ғылыми мектебінің ғылыми-теориялық сипатын танытатын іргелі еңбектері:
- Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. 8-9-10-кластарға арналған оқу құралы. – Алматы, 1938-2007 жж.
- Жұмалиев Қ. Махамбет Өтемісұлы (1804-1846): Махамбеттің өмірі мен шығармалары туралы көпшілікке арналған ғылыми еңбек. – Алматы, 1948.
- Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы және әдебиет тарихының мәселелері: Монография. – Алматы, 1960, 1-том.
- Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі: Монография. – Алматы, 1960, 2-том.
- Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті: Жоғары мектеп студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 1967.
- Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі: Монография. – Алматы, 1966.
Академик Қажым (Қажығали) Жұмалиевтің ғылыми жетекшілігімен докторлық диссертациялар қорғағандар:
Е.В.Лизунова (орыс), А.И.Харисов (башқұрт), К.Р.Рсалиев (қырғыз), Н.Т.Сағитов (қарақалпақ), Н.Ж.Жапақов (қарақалпақ), Файзолла Оразаев, Бисенғали Наурызбаев.
Академик Қажым (Қажығали) Жұмалиевтің ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертациялар қорғағандар:
Төкен Әбдірахманов, Мекемтас Мырзахметов, Задан Жұмағалиев, Әсия Тілегенова, Сейфолла Құспанов, Сәбира Тойшыбаева, Зейнолла Серікқалиев, Шәмшат Әлібек, Құрбан Тоқтамов (ұйғыр), Қалимолла Мырзағалиев, Қуандық Жүсіпов, Бәзілжан Асылжанов, А.Ламашев, Мекерия Атымов.
Академик Қажым (Қажығали) Жұмалиевтің шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертациялар қорғағандар:Руда Зайкенова. Тақырыбы: «Қажым Жұмалиев еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» (1989). Қазір Р.Зайкенова Қазақтың мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.Азамат Ыбырайұлы Мамыров. Тақырыбы: «Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші» (2006). Қазір А.Ы.Мамыров Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
СЕРІК ҚИРАБАЕВ
Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
СерікҚирабаев 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу ауылында дүниеге келді. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін, 1952 жылы аспирантурасын бітіреді. С. Қирабаев өзінің еңбек жолын 1951 жылы Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редакторлықтан бастады, 1951-1952 жж. − «Әдебиет және өнер» (қазіргі «Жұлдыз») журналының бөлім меңгерушісі, 1952-1955 жж. – «Пионер» журналының редакторы, 1955-1958 жж. − «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1958 ж.− Қазақстан Компартиясы ОК-ның үгіт– насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1958-1988 жж. – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аға оқытушысы, доцент, профессор, филология факультетінің деканы, оқужөніндегі проректоры, 1988-1995 жж. – М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, 1995 жылдан қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Жастарға ілтипат пен талап қоя білу, таланты жастарды қолдау, жоғарғы буын зиялыларының озық дәстүрлеріне өз шәкірттері мен ізбасарларын тәрбиеледі.Отыздан астам монография, жиырмаға жуық оқулық, жеті жүзге жуық мақалалар қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдеби сын, мәтінтану, әдеби байланыс, салыстырмалы әдебиеттану, көркем аударма, балалар әдебиеті сияқты негізгі салаларын толық қамтиды.
Сыншы, әдебиеттанушы және ұстаз С.Қирабаев шәкірттері: 15 доктор, 35 кандидат, 52 кандидат, докторға оппонент болған. Б.Әбдіғазиұлы, Г. Елеукенова, Қ.Ергөбек, Ж. Задан,Т.Жұртбаев, Б. Ибраимов, А. Исмакова, Д.Қамзабекұлы, С.Сүтжанов, Ә. Тарақов, Р.Тұрысбек, Т. Рақымжанов, С.Ізтілеуова, Н.Ақыш, Г.Орда тәрізді ғалымдардың докторлық жұмыстарына кеңесші болған. М.Аргынбаева, Н.Ақыш, Б.Әбдіғазиұлы,X.Ахметова, Р.Әлмұханова, Б.Баймұсаева, Б. Базылова, А.Болсынбаева, Қ.Ергөбек, М.Ермақанова, 3.Жантекеева , Қ.Жолдасов, А.Зейнуллина, А.Ибраева, Т.Ибрагимов, Ш.Кененов, Ә.Қайырбеков, М. Кұрманов, Ә.Ламашев, Қ.Лекеров, С.Мақпырұлы, А.Менжанова, Б.Мынатаев, Д.Мыңбаев, П. Оразаев, Ө. Өтегенова, Т.Сыдықов, А.Тамаев, К. Таңқыбаева, Ф.Фаткуллин, М.Хамзин, Р.Юсупов, Т.Шапаев, Г.Шөмшекова, А.Болсынбаева, С. Ертай кандидаттық жұмыстарға жетекшілік еткен.
Атақ-марапаттары: Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1977), КСРО Халық достығы ордені (1987), Ы.Алтынсарин медалі (1987), Қырғыз Республикасының Жазушылар одағының мүшесі (1994), Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995), Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл мерекелік медалі (2010), ҚР- ның тәуелсіздігіне 10 жыл мерекелік медалі (2001), Тыңға 50 жыл (2004), М. А. Шолоховтың 100 жылдығына арналған медаль (2004), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы (2005), Отан ордені (2007), ҚРҰҒА ның үлкен алтын медалі (2011), 2 дәрежелі Барыс ордені (2012), Гумелев атындағы күміс медаль (2013), Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл мерекелік медалі (2015).
Рәбиға Сыздық
Түркітанушы ғалым, көрнекті тіл маманы, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркия «Dil korumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері.
Сыздық (Құтқожина) Рәбиға Ғалиқызы (әкесінің толық аты –Сәтіғали) 1924 жылдың 17 тамызында Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында, қызметкер отбасында дүниеге келді.
Рәбиға Сәтіғалиқызы еңбек жолындағы алғашқы қадамын 1940 жылы Ақтөбе облысының Алға стансысындағы бастауыш мектепте ұстаздық етуден бастады. 1942-1945 жылдары Темір каласындағы орта мектепте мұғалім, педучилищеде оқытушы болды. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген соң (1945-1947), осы институттың аспирантурасында оқыды (1947-1951). 1951-1957 жылдары Қазақтың оқу-педагогика баспасында (кейінгі «Рауан»баспасы) редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет етті. Р.Сыздық 1957 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясында әуелі кіші ғылыми қызметкер (1957-1961), кейін аға ғылыми қызметкер (1967-1980), бөлім меңгерушісі (1961-1967; 1980-1994) болып жемісті қызмет етті. Қазір осы институттың бас ғылыми қызметкері.
Р.Сыздық 1959 жылы «Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық, 1971 жылы «Абай шығармаларының тілі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1979 жылы ғалым Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
Профессор Р.Сыздықтың жан-жақты және ауқымы мол ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі арқауы – казақ тілінің, түркітану ғылымының өзекті мәселелері. Әсіресе солардың ішінде ғалымның ұзақ жылдар бойы үзбей қалам тартып, жете зерттеген саласы – казақ әдеби тілі тарихының мәселелері.
Міне, сондықтан проф. Р.Сыздықтың «Абай шығармаларының тілі» (1968) деген көлемді ғылыми монографиясы – ұлы ақынның тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастырған еңбек қана емес, сол кезеңдегі, синхрондық бөліктегі әдеби тілдің негізгі ерекшеліктері мен басты сипаттарын айқындаған іргелі зерттеу. Осы еңбегі үшін ғалымға ҚР Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді (1995).
Қазақ әдеби тілін қалыптастырып, дамытудағы ұлы ақынның үлесі мен орнын айқындай отырып, лексика-морфологиялық ерекшелігін жан-жақты терең зерлей келе зерттеуші XIXғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілінің жай-күйін ашады. Поэзия синтаксисіне Абай енгізген өзгешеліктер мен жаңалықтарды ашқан, оған нақты талдаулар жасаған ғалымның «Абай өлеңдерінің синтаксисі» (1970) деп аталатын монографиясы қазақ тіл білімінде өлең синтаксисін алғаш зерттеген, оның құрылым-құрылыстарына тән негізгі белгілерді көрсеткен бірден-бір әрі бірегей еңбек болды.
Абай тілін жүйелі түрде зерттеудегі ғалымның «Абайдың сөз өрнегі» атты үшінші кітабында ұлы ақынның поэтикалық тілі, көркемдік сипаты, көріктеу құралдарының тілдік механизмі сөз болып, Абайдың тіл көркемдігін танытудың кілті бұрын-соңды айтылып келген пікірлер мен еңбектерден басқаша бұраумен ашылады, қазақ тілінің поэтикасы жөнінде соны талдаулар мен жаңа ой-тұжырымдар айтылады. Аталмыш еңбек 1995 жылы ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойына орай жарық көрді. Сондай-ақ «Абай энциклопедиясында» ұлы ақынның тілі мен стиліне қатысты көлемді ғылыми-теориялық мақалалар топтамасын берді. Абай тілін жан-жақты зерттеген осы еңбектері үшін ғалым ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері болды (1996).
Р.Сыздық қазақ әдеби тілінің тарихын жеке үлгілер арқылы ғана емес, біртұтас түрде зерттеуді сонау 60-ыншы жылдардың өзінде қолға алған болатын. Осының нәтижесінде проф. М. Балақаев, Е. Жанпейісовпен бірлесіп жазған «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (1968) жарық көрді. Осы аталған оқу құралының «XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдеби тілі» деген сүбелі тарауы проф. Р.Сыздықтың қаламынан шықты.
Р.СыздықXV-XVIIIғасырлардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын «әдеби тілдің жазбаға дейінгі кезеңіне жататын үлгілер» деп таниды. Ал бұл кезеңде қызмет еткен тілді «жазба дәуірге дейінгі ауызша әдеби тіл» деп, терминологиялық мазмұн беріп атайды. Сөйтіп, әдеби тіл өзінің нормалық қасиетін тек жазу арқылы ғана орнықтырмайды, ауызша сөз қолданыс (ауызекі тараған өлең-жырлар, шешендік сөз үлгілері, ауызша шежіре т. б.) арқылы бекіте, жетілдіре түседі. Әсіресе, әдеби тіл нормаларын калыптастыруда ақын-жыраулар шығармаларын бұлжытпай жатқа айтып, жұртқа тарататын жыршылық мектеп өкілдерінің орнын зерттеуші айрықша бағалайды. Осы еңбекте («XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы», 1984) және оның көлемі толықтырылған, мазмұны тереңдетілген екінші басылымы – «Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIXғ.)» деп аталатын кітабында (1993) алғаш рет, бір жағынан, ауызша әдеби тіл үлгілерінің, яғни XV-XVIIIғасырлардағы ақын-жыраулар шығармалары тілінің фольклор тілімен ортақ белгілерінің болу себептері ашылса, екінші жағынан, олардың өзіне тән айырмалары мен белгілері саралана түседі.
Профессор Р.Сыздықтың түркітану саласындағы зерттеулері, бір жағынан, казақ тілінің тарихы, қазақ әдеби тілінің тарихымен ұштасып жатады. Солардың ішінде зерттеушінің «Язык Жами'ат-тауарих Жалаири» (1989) деген монографиясын ерекше атауға болады. Тарақ таңбалы жалайыр руынан шыққан Қадырғали бидің жылнамалары туралы арғы-бергі кезеңдердегі зерттеулерге сын көзімен караған автор бұл ескерткіштің лексика-грамматикалық құрылымына талдау жасай отырып, алдымен ондағы оғыз, қыпшақ тілдеріне ортақ элементтерді саралайды, оны туыстас тілдердің дерегімен салыстырады. Ескерткіш тіліндегі әр текті тілдік белгілерді талдай келіп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне орай қалыптасқан, өзге туыстас тілдерде қайталамасы жоқ қазақы сөз өрнектерін айқындайды. Сонымен, бұл еңбекте Қадырғали Жалайыридың «Жами'ат-тауарихы» тілдік жағынан да, рухани мәдениет жағынан да қазақ халқының байырғы дәуірінен қалған мұра екені ғылыми тұрғыдан жан-жақты дәлелденеді.
НЫҒМЕТ ҒАБДУЛЛИН
(26.12.1927 – 11.07.2005)
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Нығмет Ғабдуллин Көкшетау облысының Рузаев ауданы Шұқыркөл ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) 1927 жылдың 26-желтоқсанында дүниеге келген.
1950 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институының филология факультетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы, жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Нығмет Ғабдуллин ұзақ жылдар бойы ғылым мен жазушылық өнердің басын тең ұстай білген қабырғалықайраткер.
1950-1962 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») жастар газетінің редакциясында әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналында, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1962-1963 жж. Алматы шетел тілдері институтында аға оқытушы, 1964-1970 жж. – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, бас редакторы болып істеді. 1969 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.
1964 жылы «Ғабит Мүсіреповтің драматургиясы» тақырыбында кандидаттық, 1972 жылы «Қазіргі қазақ прозасында жаңа адамды бейнелеу проблемалары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1960-жылдардың ортасынан ғасырлар тоғысына дейінгі аралықта әдебиеттану ғылымы саласы бойынша талантты ғалымның өзіндік ғылыми мектебі қалыптасты. Аталған диссертациялық еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттеу методологиясының жаңа арналарының айқындала түсуіне айрықша ықпал етті. Профессор Н. Ғабдуллин басқарған жылдары қазақ әдебиеті кафедрасы оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша уақыт тынысына сай пәрменді жұмыстар атқарды.
Кафедраның ғылыми потенциалы өсті. Кафедра мүшелері Б. Әбдіғазиұлы, Т. Сыдықов, Т. Тебегенов- докторлық, К. Әбілқасымова, А. Тамаев, Қ. Әбдікова басқа да оқытушылар кандидаттық диссертациялар қорғады. Пәндерді оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету ісі тұрақты әрі сапалы жүргізіліп отырылды. Кафедра сол жылдары Абайды, Ы. Алтынсаринды, Ш. Уәлихановты басқа да да қазақ өркениетінің негізін қалаған ұлы тұлғаларды еске алуға арналған халықаралық дәрежедегі конференциялардың өтуін аса шебер ұйымдастырды.
Профессор Н.Ғабдуллин Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңесті басқара жүріп бірнеше ондаған жастардың әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны , халық ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы салалары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғауына басшылық жасап, әдебиеттану ғылымының көкжиегін кеңейте түсті. Өзінің ғылыми жетекшілігімен жиырмадан астам жас ғалымдар кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғады.
Профессор Н. Ғабдуллиннің бағыттауымен ғылым жолына түскен филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов, филология ғылымдарының докторы, профессорТапанов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К. Әбілқасымова т.б. шәкірттері ғылым саласындағы Ғабдуллин дәстүрін лайықты жалғастырып, қазіргі әдебиеттану және оқыту әдістемесі ғылымының заманауи проблемаларымен шұғылдануда.Нығмет Ғабдуллиннің ғалымдық, қайраткерлік қызметтері ұзақ жылдарға созылған жазушылық шығармашылық еңбегімен қоса қабат дамыды.
Алғашқы «Алтын жұлдызды студент» очеркі 1949 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жарияланды. 1951 жылы «Менің достарым» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы, 1953 жылы «Алғашқы сапар» повесі жарық көрді. Одан кейін «Құрдастар» (1955), «Жаңа таныстар» (1956), «Гүл» (1959), «Өмір әуені» (1960), «Қызық дәурен» (1965) әңгімелер жинақтары, «Өмір, қымбатсың маған» (1966) атты повестер жинағы, «Сарғайған жапырақ» (1968), «Кейінгі толқын» (1977) повестері, «Әдебиет және өмір» (1965), «Замандас келбеті: Қазіргі қазақ прозасы жайында зерттеу» (1972), «Уақыт тынысы» (1981), «Ғ. Мүсірепов-драматург» монографиялары жарық көрді. «Қос тағдыр», «Өмірдің бұралаң белдері» повестері және «Жаңа таныстар» әңгімелер жинағы орыс тіліне аударылған. Н.Ғабдуллиннің әңгімелері өзбек, тәжік, армян тілдеріне де аударылған.
Ғабдуллин Г.Марковтың «Соль земли» романын, М.Шагинянның «Семья Ульяновых» романын, Э.Хемингуэйдің «Старик и море» повесін, В.Быковтың «Альпийская баллада» және «Дожить до рассвета» повестерін, А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, А.Караваеваның жекелеген әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Жазушы шығармалары жиырмасыншы ғасырдағы қазақ қоғамының күнгейі мен көлеңкелі тұстарын суреттеуімен бірге қоғамды жаңарту жолындағы жаңа адамның бейнесін жасай білуімен ерекшеленді. Н. Ғабдуллин жазушылық еңбектері үшін 1995 жылы Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды. 1998 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
ҚАСҚАБАСОВ СЕЙІТ АСҚАРҰЛЫ
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында туған. Әдебиеттанушы, фольклортанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1996), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). 500-ге жуық еңбектің авторы. 1947-1950 жж. Семей қаласында № 5 орта мектептің, 1951-1954 жж. Алматы облысы Қаскелең ауданы Чапаев атындағы колхозда № 89 мектептің, 1954-1957 жж. Алматыдағы № 12 мектептің оқушысы, 1957-1959 жж. Қаскелең ауданында колхозда жұмысшы.
1959 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1964 жылы үздік дипломмен бітіреді. Осы жылы С.Қасқабасов М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасына қабылданады. Аспирант болған жылдары ол орыс тілінде 1968 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихын» жазуға қатысады.
1969 жылы ол «Казахская волшебная сказка» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Диссертация жоғары бағаланып, жариялауға ұсынылады. 1972 жылы жеке кітап болып жарық көрген бұл еңбек КСРО Ғылым академиясының ең таңдаулы кітаптары қатарында аталды.
1970-1979 жылдар аралығында С.Қасқабасов Қазақ ССР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым-хатшысы болып, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыспен шұғылданады, әрі «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы» журналының жауапты хатшысы болып істейді.
1979-1981 жылдары Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, институттың жоспарлы жұмыстарына белсене қатысады, «Ертек пен эпостың сюжеттік типологиясы», «Қазақ ертегілерінің текстологиясы» және т.б. зерттеулер жазады.
1981 жылы Сейіт Қасқабасов Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарып, сол институттың жоспарлы жұмыстарын орындайды. Осы институт шығарған «Фольклор народов СССР и современность» және КСРО Мәдениет министрлігі Өнертану институты дайындап шығарған «Фольклорный театр народов СССР» атты монографиялық еңбектерге арнаулы тараулар жазады. Соған қоса «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларын орыс тіліне тәржімалап, бұл туындылар туралы зерттеулер жүргізеді және қазақ фольклорының прозалық жанрларын зерттеуге кіріседі.
1984 жылы Алматыға қайта оралып «Қазақтың халық прозасы» атты монографиясын жарыққа шығарады. Бұл еңбек Қазақстан Ғылым академиясының ең жоғарғы наградасы – Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады.
1984-1987 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер болып істейді.
1986 «Қазақ халық прозасы» монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҰҒА сыйлығына ие болды.
1988 жылы Сейіт Қасқабасов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне қызметке шақырылып, Идеология бөлімінің консультанты, содан соң Саяси процестер социологиясы Орталығының жетекшісі болып істейді. Бұл қызметтерді атқару үстінде ол Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев сияқты классиктердің шығармашылық мұрасын ақтап, жариялау мен зерттеу туралы құжаттар мен басқа материалдарды дайындап зерттеу ісіне белсене түрде атсалысып, сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген ақын-жазушылардың шығармаларын, көптеген фольклор үлгілерін пайдалануға тыйым салған партиялық қаулылардың күшін жойған және 1930-40, 50-ші жылдары репрессияға ұшыраған адамдарды ақтап, әділдік орнатқан құжаттарды дайындады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне 1932 жылғы ашаршылық құрбандарына жыл сайын 31 мамырды еске алу күні деп белгілеп, құрбандарға арналған монумент тұрғызу қажеттігін айтып, ұсыныс енгізді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі бұл ұсынысты қабылдап, арнайы қаулы қабылдады (төрағасы Е.Асанбаев).
1989 жылы М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде «Жанры казахской народной (несказочной) прозы» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды.
1990 жылы С.Қасқабасовтың «Казахская несказочная проза» деген монографиясы жарыққа шықты. Еңбекті ғылыми, мәдени жұртшылық өте жоғары бағалады. Кітап 1992 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, авторы лауреат атанды.
1991 жылы фольклортанушы-ғалым Финляндиядағы Халық шығармашылығын зерттеушілердің Халықаралық қоғамына толық мүше болып қабылданады.
1991-1992 жылдары С.Қасқабасов Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратында әуелі Мәдениет секторының меңгерушісі, содан соң Білім, жастар, туризм мен спорт бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. Бұл қызметте жүріп, ол Қазақстан Республикасы егемендігінің алғашқы құжаттарын, мемлекеттік рәміздерін даярлауға қатысты. Республиканың Әнұраны мен Елтаңбасын және Туын таңдау коммиссиясы жұмыс тобының мүшесі болды. Елтаңбаға байланысты оның айтқан ұсынысы толық қабылданды. Сонымен қатар Абайдың 150 жылдық, Сәкеннің, Мағжанның, Бейімбеттің 100 жылдық мерейтойларын өткізу туралы қаулыларды дайындады, республикалық мерейтой комиссияларына мүше болды.
С.А.Қасқабасов 1992 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ашылған Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның (ЖАК) тұңғыш төрағасы болып тағайындалды. ЖАК-тың алғашқы төрағасы ретінде де елімізде ғылым саласын аттестациялау бойынша білікті кадрлар даярлау ісіне үлкен үлес қосты. Оның бастамасымен Халықаралық мемлекеттік органдарды аттестациялау ассоциациясы – МАГАТ құрылды. Ол осы беделді ұйымның бірінші төрағасы болып сайланды. «ЖАК туралы Ереже», «Ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру тәртібі туралы ережелер» сияқты алғашқы заңнамалық құжаттарды тікелей өзі дайындады.
1992 жылы «Колыбель искусства» деген атпен ғалымның біраз зерттеулері жеке кітап болып шықты. 1994 жылдың қыркүйегінен 1995 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
1995 жылдың сәуірінен бастап сол институттағы Қолжазба орталығын басқарды.1995 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.1995 жылы ұлы Абайдың 150 жылдығына орай «Абай және фольклор» атты еңбегін жариялады.1996 жылы 29 наурызда «Фольклортану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды.1996 жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың 150 жылдық тойына арнап, ақынның таңдамалы шығармаларын орыс тілінде І том етіп, жарыққа шығарды. 1996 жылы С. Қасқабасовқа халықаралық Жамбыл қорының Жамбыл атындағы сыйлығы берілді.
1997-1999 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде алғаш рет құрылған «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО) ұйымдастырушысы әрі жетекшісі, 2000-2001 жылдары осы университеттің жаңадан ашылған шығыстану факультетінің деканы, әрі «Евразия» ҒЗО жетекшісі қызметтерін абыроймен атқарды.
ҰЙЫҚБАЕВ ИМАНБЕК КАБЫШЕВИЧ
(1922-2016)
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Иманбек Қабышұлы Ұйықбаев Павлодар облысы Қашыр ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын үздік бітіріп, Ленин атындағы стипендияны, Абаев атындағы стипендияны және Сталин атындағы стипендияны иеленген .
Студенттік шақтан И.К. Ұйықбаев майданға аттанды, артиллериялық шеберлік курсын лейтенант ретінде тапсырғаннан кейін, ол ауыр артиллерия бөлімшелеріне, гаубицерлерге аттанды.Маршал Малиновский В.Ф. басқаруымен Батыс Украина, Прага, Вена, Будапешт қалаларын жаудан босатуға қатысқан. Будапешт Еуропадағы фашизмнің соңғы форпосты болды, оның әскері алты ай бойы оны ала алмады.
Фашистер қатты күресіп, Будапешттегі элиталық бөлімшелерге: «Өлі басшы», «Голиция», «Ұлы Германия» және 600 мың бірлік жұмыс күшін тартты. Будапешттен кейін соғыс 3 айда аяқталды.
Будапешттен босатылған кезде И.К. Ұйықбаев мойыннан ауыр жарақат алды және Ұлы Отан соғысы майданында И.К. Ұйықбаевқа көптеген басқа әскери ордендер мен медальдармен марапатталды, Ұлы Отан соғысының мүгедектері тобына кірді.
Соғыс аяқталғаннан кейін И.К. Ұйықбаев Абай атындағы ҚазПИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірді. Институтты бітіргеннен кейін А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында жұмыс істеді. Ұлттық ғылым академиясы жұмыстағы табыстары үшін И.К. Ұйықбаевқа «Құрмет белгісі» орденін табыс етті. 7-8 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының авторы болды.Оның қаламынан «Азбука», «Өзін-өзі үйрететін қазақ тілі» еңбектері жарық көрді. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алды. 2013 жылы И.К. Ұйықбаев Қашыра ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды.
И.К. Ұйықбаев Қазақстандағы білім мен ғылымға үлкен үлес қосты. Отанын жаудан босату жолында фашистік басқыншыларға қарсы күресте ерліктің үлгісін көрсетті. И.К. Ұйықбаев үлгілі отбасын құрды, отанға лайықты балалар мен немерелерді тәрбиеледі.
МҰСАБЕКОВА ФАТИМА МАШАНБЕКҚЫЗЫ
филология ғылымдарының докторы, профессор
(1926-1988)
МұсабековаФатимаМашанбекқызы 1926 жылы ҚарағандыоблысыныңҚарқаралықаласындадүниегекелді. Орта мектептімектептібітіргенненкейінол 1932 жылыАбайатындағыҚазақпедагогикалықинститутыныңқазақтіліменәдебиетіфакультетінеоқуғатүсті. Институтта үздікоқығаныүшіноған Лениндікстипендиятағайындалды. Мұнымен қоса, МұсабековаФатимаМашанбекқызыАбаеватындағыстипендияны, Сталиндікстипендияны иеленді.
МұсабековаФатимаМашанбекқызықазақәдебиетініңклассиктеріМұхтарӘуезханұлыӘуезовпенҚазақстанныңбасқадабеделдіғалымдарыныңдәрістерінтыңдады.
1935 жылыАбай атындағы ҚазПИ-діңаспирантурасынбітіргенненкейін, «Қазақ тілінің пунктуациясының ғылыми негіздері»деген тақырыпта кандидаттық диссертациясынсәттіқорғапшықты да, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.
1975 жылыМұсабековаФатимаМашанбекқызы«Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің стилистикасы» деген тақырыпта докторлықдиссертациясынтамашақорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді. 1976 жылы « Жалпы тіл білімінің» профессоры ғылыми атағын алды.Солжылдан 1988 жылғадейінАбайатындағыҚазПИ-діңқазақтілікафедрасыныңмеңгерушісіболыпқызметатқарды.
Профессор Мусабеков Фатима Машанбекқызының ғылыми қызығушылығына айналған қазақ тілінің пунктуациясы және қазақ тілінің стилистикасы, жалпы тіл білімінің мәселелері оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары болды: осы салалар бойынша монографиялары, оқулықтары, бағдарламалар мен оқу құралдары, мақалалары, ғылыми баяндамалары жарық көрді.
Мұсабекова Фатима Машанбекқызы - тамаша оқытушы, талантты ғалым және парасатты педагог болды. Ол студенттердің, аспиранттардың, докторанттардың бірнеше ұрпағын оқытты және тәрбиеледі.Фатима Машанбекқызының әрбір студенттің жағдайын ойлап, олардың жатақханасы үшін де, сабақ үлгерімі үшін де арашаға түсіп жүретін беймаза қалпымен шынайы адамгершіліктің зор үлгісін танытты. Тамаша ұстазәр студенттің білімі үшін қойған бағасын да он рет екшеп, дәлдігі мен шынайылығына көз жеткізіп отыратын.
Қазақ тілі мәселесіне кәсіби тұрғыдан ғана қарап қоймай, елдің болашағы тұрғысынан қараған профессор Фатима Мұсабекова қазақ тілінің жалпы тіл білімінде алатын орнын анықтатуға ат салысты.Институтта Фатима Мұсабекова жалпы тіл білімінен және стилистикадан сабақ берді. Мұсабекованың осы пәндерден жасаған бағдарламалары мен оқу құралдары республиканың барлық педагогикалық институттарында пайдаланылып жатты. Бағдарламада нені оқыту керек және қалай оқыту керек деген мәселе аса білгірлікпен көтеріліп отырды. Осы бағдарламада атап көрсетілген әрбір мәселе, әсіресе, қазақтың әдеби тілі қолданылатын стиль түрлері,тіл байлығының тіл білімінің барлық салаларына қатысты болатындығы, тілдік бірліктердің стильдік бояулары, мәнерлегіштік сипаттары, стилистикалық норманы сақтай білу, оны практикалық істерде жұмсай білуге дағдыландыру тәрізді өзекті мәселелер бүгінгі ғылымда жеке-жеке зерттеу мәселелеріне айналып отыр.
Ф.Мұсабекованың 1972 жылы шыққан «Жалпы тілі білімін оқыту мәселелері» деп аталатын еңбегі кейінгі біраз еңбектерге, жалпы тіл біліміне арналған оқулық пен оқу құралдарына материал бергендігі сөзсіз. Кітаптың алғы сөзінде жалпы тіл білімі бір тілдің ғана дамуын, оның даму заңдылықтарын ашпайтындығын, бірнеше тілдердің фактілеріне сүйеніп, ғылыми қорытындылар жасайтындығын айта келіп, жалпы тіл білімі курсының қарастыратын мәселелеріне тоқталады.
Мұсабекова Фатима Машанбекқызы А.Байтұрсынұлы атындағы Ғылыми кеңестің мүшесі болды, Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Отансүйгіштік, азаматтық көзқарас, оның жұмысына деген сүйіспеншілігі, мамандыққа деген сүйіспеншілігі, өз ісіне адалдығы қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау арқылы ерекшеленді.
Мұсабекова Фатима Машанбекқызы - үш баланың анасы, үлкен қызы Гүлшат Англияда тұрады, ұлы Қайрат осы университеттің Тарих факультетін бітірген, бірақ 32 жасында қайтыс болды. Кіші қызы - филология ғылымдарының кандидаты Мереке Ұйықбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көп тілді білім беру институтында профессор қызметін атқарады.
Ғылым мен білім саласындағы көрнекті қызметтер үшін Мұсабекова Фатима Машанбекқызы «КСРО білім беру үздігі» медалімен, ҚазКСР Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Абай атындағы ҚазПИ-дің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.