Абай атындағы ҚазҰПУ-да ардагер-ұстаздармен кездесу өтті
8 ақпанда Тарих және құқық институтында университетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының концептуалды негіздерін іске асыру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Ұшқан ұяға тағзым» ардагер-ұстаздармен салтанатты кездесу өткізілді.
Кездесуге тарих және құқық инстиуттында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер-ұстаздар және білім алушылар қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты - халықаралық білім, ғылым мен мәдениет орталығы ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ды дамытуға атсалысу, оның халықаралық білім беру кеңестігіндегі рөлі, мәртебесі мен рейтингісін арттыру, тың ойлар, тұжырымды мәселелер ұсыну болды.
Кездесуді институттың директоры Болат Жұмағұлов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтойы және бүгінгі күн талабына сай «Тарих және құқық институтының педагог мамандар дайындаудағы міндеттері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Ардагер-ұстаздардың оқу ордасымен байланысы тақырыпта университет ардагерлерінің төрағасы Жұмаділ Шілдебай, институт профессорлары Ханзада Сутеева, Мереке Тулекова т.б. сөз сөйлеп тақырып бойынша ардагер - ұстаздармен пікір алысты.
Ардагер-ұстаздармен кездесуде институттың биылғы бітіруші түлектері пікір алмасып, аға ұрпақ ұстаздарының қасиетті ізгі тілектеріне ақ жүректен шынайы қол соқты.
Сорбонна-Қазақстан институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның Даму Банкі және оның Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы рөлі» атты тақырыпта, университетіміздің түлегі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарыДмитрий Бабичев мырзаны дәріс оқуға шақырылған іс-шара
2019 жылдың 31 қаңтар күні Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты осымен үшінші рет «Ой-пікірлер түні» ауқымды халықаралық іс-шарасын өткізілді. Аталмыш іс-шара Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Француз Альянсының қатысуымен ұйымдастырылуда. Ой-пікірлер түні мемлекетаралық ауқымда Француз институтының бастамасымен іске асырылған жыл сайынғы жаһандық жобаның бір бөлігі болып табылады.
Осы шара әлемнің түкпір-түкпірінде қазіргі заманғы озық ойға және халықаралық деңгейде ой-пікірлер алмасуға арналған, Франция және француз тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерде кеңінен танымал әлемдік деңгейдегі мәдени және білім берудің «Ой-пікірлер түні» өткізілді. «Ой-пікірлер түні» жыл сайын интеллигенцияны, ғалымдарды, суретшілер мен әртістерді, сондай-ақ қоғам қайраткерлерін біріктіреді. Әлемдегі жүзден астам білім беру, ғылыми және мәдени орталықтар ой-пікірлерді бір уақытта талқылау үшін платформалар қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің басын қосатын жақсы дәстүр қалыптасып келеді. Осы күні Сорбонна – Қазақстан институтында оқитын студенттер мен магистранттарға арналған «Қазақстанның Даму Банкі және оның Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы рөлі» атты тақырыпта, университетіміздің түлегі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев мырзаны дәріс оқып, өз ойымен бөлісті. Кеш барысында студенттер мен магистранттар сұрақтар қою арқылы дәрісті қызықтыра түсті. Дәріске Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, профессор Т.Балықбаев, барлық проректорлар құрамы, институт директорлары мен орынбасарлары, ПОҚ және де магистранттар мен студенттер қатысты.
«Сорбонна-Қазақстан институтына қош келдіңіз- Үздік түлек!» мерекелік іс-шара
2018 жылдың 4-ші қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында Сорбонна-Қазақстан институтының ұйымдастырумен «Сорбонна-Қазақстан институтына қош келдіңіз - Үздік түлек!» аттымерекелік іс-шаратөменде көрсетілген кесте бойынша өтті.Шараға Халықаралық құқық, Халықаралық қатынастар және Экономикалық мамандықтар кафедрасының ПОҚ мен бітіріп кеткен түлектер және оқып жатқан студенттер қатысты.