1964 жылғы түлектер атынан алғы сөз.
Қазақтың Абай атындағы Педагогикалық Ұлттық университеттің құрылғанына биыл 90 жыл толды. Мерекелік тойға Қазақстанның түкпір - түкпірінен, бір кездерде осы шаңырақта білім алған жастар, бүгінгі таңда ел ағалары осы торқалы ат салысты.
90 жылдық мерей тойға ҚР мемлекеттік хатшысы Кулшара Әбдіхалықова университтетің 90 жылғы торқалы тойымен шын жүректен құттықтап, ұжым ұстаздарына шығармашылық табыс тілеп, дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуымызға үлес қосып жатқандарын атап өтті.
1964 жылдың түлектері бірнеше ай бойы өздерінің қара шаңырағының тойына белсене араласты. Олар жаратылыстану және биология факультетінің түлектері. Бір кезде осы Қазақтың Абай атындағы қара шаңырағын үздік бітірген, тағдырдың жазуымен Қазақстанның түкпір-түкпірінде жас ұрпақты біліммен сусындатқан, Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге сай, саналы да, сауатты біліммен қаруланған жастарды тәрбиелеуде еңбектері өте зор. Олар: Іргебаев Ислам, Ембердинов Кемпірбай, Жақанов Аманкелді, Аманжолова Лиза, Жақашева Роза, Нүсіпова Гүлжақан, Балбекова Е, Орымбетова А, Есенбек Перде, Жасыбаева З.
Кешегі студенттер бүгінгі таңда сіз-бізі жарасқан халқының қалаулылары, бірі профессор, бірі ғылым кандидаты, бірі бірнеше кітаптардың авторы, бірі ардагерлер кеңесінің төрағасы. Осы мереке қарсаңында олар тәмәмдаған факультетітің ұстаздары мен студенттерімен кездесу өткізіп, өздерінің тәжірибесімен бөлісіті. Осы 90 жылдық мерекелік тойды ұйымдастырып отырған Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир мырзаға, түлектер қауымдастығының төрағасы Нұрбатыров Болатбекке дән ризашылығымызды білдіреміз
1964 жылғы Түлектердің университеттің 90 жылдық аясындағы кездесуі. Түлек, ұлағатты ұстаз Нусипова Гулжақан.
1964 жылғы Түлектер атынан Жақашова Роза!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлектер қауымдастығы құрылды. Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, доцент Нұрбатыров Болатбек тағайындалды. Жаста болса да өз ісінің маманы, жастармен де, үлкендермен де өте жақсы қарым - қатынаста жұмыс атқаратыны көрініп тұрды. Біздерді университеттің музейімен таныстырып, студентердің қолымен жасаған бұйымдарын, әр кезеңде университетте қызмет атқарған ұстаздардың фото коллаждарымен, соғыс ардагерлеріне арналған көрмелермен таныстырды. Форумға қатысқан ардагерлермен үлкен құрмет көрсетіп, университетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир мырзының атынан " университеттің 90 жылдық" мерей тойының медалімен марапатталдық.
Биология және жаратылыстану кафедрасының жетекшісі Уалиев Талғат бізге басшылық жасай отырып, ардагерлерді шақырып, студенттермен кездесу ұйымдастырды. Қазақ " жас келсе іске " деп бекер айтпайды. Міне, Абай атындағы ұльттық педагогикалық университетінде осындай заман талабына сай білімді ұстаздардың қызмет етіп жатқанына біз, ардагерлер дән риза болдық.
Тәуелсіз Қазақстанның жастары дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына үлес қосары анық екеніне тағы да көз жеткіздік. студенттермен пікір алмасып, шеберлік сағаттар өткіздікю Осындай айтулы мерекелік шараға Нұрбатыров Болатбек пен Уалиев Талгатқа мерекелік іс шараны жауапкершілікпен атқарып жатқандарына куә болдық. Біз, өзіміз бітірген университет ұстаздарына бізге қошемет көрсеткендеріне үлкен алғысымызды білдіреміз. Жұмыстарына шығырмашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілейміз.
Максат Кантарбаев - Мен ХГФ, ҚазПИ 1988 түлегі болып табылады. Дипломдық жұмыс ыстық батик, диптич пейзажы «орман люкс» мақтауға тамаша. Мен Жамбыл облысында ашылған үйге бардым. Құлан атындағы өнер мектебінде Роно қаласында жұмыс істеді, 2000 жылы Алматыға көшіп, шығармашылықпен айналысады. Әр түрлі көрмелерге қатысу, соның ішінде республикалық және халықаралық әуе шеруі, Қазақстанның әртүрлі қалаларында үш жеке тұлға. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі болды, түрлі дипломдар мен дипломдармен марапатталды, 2018 жылы қаңтар айында «Бейбітшілік әлемі» халықаралық ұйымының алтын медалімен марапатталды.
Ізгі ниетпен: «Сіздің сүйікті университетіңіздің мерейтойымен құттықтаймыз және біздің университет пен мұғалімдердің үнемі өзін-өзі жүзеге асыруды аяқтау мүмкіндігіне ие болу үшін біздің университетіміз көптеген керемет және талантты мамандар шығаратынына шын жүректен алғым келеді. Өте жақсы тәжірибе жинақтап, сонымен қатар, баршаңызға жақсылық, бедел, адамгершілік және білікті оқытушылардың әрқайсысына ерекше көзқарас, ұйымдастырылған оқу үдерісі жоғары жалақылар, жаңа жабдықтар мен шет елдердегі әртүрлі байланыстар, сондай-ақ әрбір студент болашақта сұранысқа ие болады ».
Базарбекова Рабиға Жолшықызы - Аты әлемге әйгілі Абай атамыздың есімімен аталатын бұл оқу орны менің өміріме үлкен жол ашты. Мен қай жерде жүрсем де өзім оқыған осы университетімді үнемі мақтан тұтамын.
«Кәсібінен нәсіп» тапқан барша университет түлектері мен университет қызметкерлерін киелі білім ордасы атанған университетіміздің 90 жылдығымен құттықтаймын.
Еліміздің рухы биік ұрпақтарын тәрбиелеу ісінде және қазіргі заманның талабына сай жоғары білікті, құзыретті, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Мен өзім оқыған білім ордасының келешегі жарқын болатынына сенемін!
Университеттің ректоры Балықбаев Такир Оспанұлына және ұйымдастырушыларға ризашылығымды шын жүректен жеткізгім келеді.
Ізгі ниетпен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары» орталығының маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, 1992 жылғы «БОПӘ» мамандығының түлегі Базарбекова Рабиға Жолшықызы.
Мұқаев Жақан - 1959-64 жылдары Абай атындағы педагогикалық институтының биология және жаратылыстану факультетінің сол жылы ашылған "биология ауыл шаруашылығы негізінде" деген бөлімінде 5 жыл оқыдым.
Медеу ауданы, 32 аймақтың ардагерлер ұйымның белсенді мүшесі және Думан ықшам ауданының комитетінің төрағасымын.
4 қазан 2018 жылы өткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің 90 жылдық мерей тойы өте жоғарғы дәрежеде өтті. Ризамын.
Әсіресе ЕГФ-ға келіп студенттермен кездесу өткізуі. Өзіміздің студенттік өміріміз еске түсті. Сол жерде 11 аудитория тура осы 224 кабинетке ұқсас еді.
Кездесуге келген осы университеттің бұрынғы түлектері өз естеліктері мен тілектерін айтты.
Мен сол студенттік кезімде 5 жыл өзіміздің курста комсорг болып істедім. Сол кезде жазғы каникулда астық жинау науқанына көмекке Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына үш жыл бардық. Вагондар жетіспей жүк вагондармен баратынбыз. Бір вагонда ұлдар мен қыздар бірге бардық. Оқып жүргенде әр түрлі практикаларға тауға Медеу, Есік көліне, Шөлді дала Қапшағайға баратынбыз. Ұл балалар Қыздарға әр уақытта көмектесіп, тәртіп бұзушылық болмайтын. Сөйтіп тату-тәтті студенттік өмірді өткіздік. Сол себепті кәзірде сол татулықпен жиі- жиі кездесіп тұрамыз.
Қазіргі студенттерге айтарым мынау еді. 4 қазан күні айтқанмын.Мені институтты бітірген кезде аспирантураға қалдырған еді, бірақ мен қалмай туған ауылға мұғалім болып бардым. 35 жыл жас ұрпақтарға білім беріп, тәрбие жұмыстарын жүргіздім. Сол еңбегімді бағалаған маған Райымбек ауданының "Құрметті Азаматы" атағын берді.
Студент жастарға оқуларын бітіргенде туған ауылдарына барып, еңбек етуге шақырдым.
4-5 қазан күндері өткен университеттің 90 жылдық мерей тойы өте жақсы өтті. Жақсы ұйымдастырған, оған қуанамыз. Біздер 1964 жылғы бітіруші түлектер мерекеге қатысып, омырауымызға мерекелік төсбелгі тағып қуантты.
Соңында айтарым. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табыстан-табысқа жете беріңіздер. Жоғарғы орындардан көріңіздер. Отбастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын.
Мадигалиев Серикхан Кожаханович
Республикалық байқаудың жеңімпазы, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» - төсбелгісімен марапатталған. 2017 жыл 14 желтоқсан. Астана.
Евразия Дизайнерлер Одағының мүшесі.
Мен ҚазПИ-дің түлегімін! 1985 – жылы Қаз ПИдің көркем сурет және графика факультетін бітірдім. Мамандығым сурет, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі. Оны мақтан тұтам. Және 40- жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқаныма қуанамын. Осы институтта алған білімім мені талай белестерден сүріндірмей алып келеді. Менде өз тарапымнан білім ордама адал қызмет етуге тырысып келем. Жиырма жылдай мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі болдым. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп, оқушыларыма сабақтан тыс үйірмелер ашып, өнерге баулып келем. Менің шәкірттерім аудандық, облыстық, Республикалық байқауларда бас бәйгені және үнемі бірінші орындарды алып жүр. Мен өзімде оларға үлгі көрсетіп үнемі байқауларға қатысып жүрмін. Ұлы жеңістің 70-жылдық мерей тойына арналған байқауда Бас бәйгені алдым. Қазақтың ұлы суретшісі Ә.Қастеевтің 110- жылдық мерей тойына арнайы, бейнелеу өнерінің ұстаздары арасында ұйымдастырылған байқауда Бас жүлдені алдым. 2014 –ші жылы Ресей мемлекетінің Барнаул қаласында Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік Университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысып, «Қазақтың зергерлік өнері» атты шеберлік сыныбын көрсеттім. 2017- жылы 14 желтоқсанда Астана қаласында “ Жылдың үздік ұстазы”- төсбелгісімен марапатталдым. Оған қоса «Ұлағатты ұстаз» «Ұздік ұстаз» «Отан патриоты» төсбелгілерінің иегерімін. Біздің институтты бітірген талай саңлақ ұстаздар егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп, білім беріп, өмірге жолдама ұсынып жатыр. Талай мамандар әр түрлі институт, колледждерде сабақ беріп, кандидаттық, докторлық атақтарды иеленіп жатыр. Осы фкультетті тәмамадаған талай саңлақ «Қазақстан суретшілер одағының» мүшелері. Бұл дегеніңіз біздің Абай атындағы Университеттің жоғарғы деңгейдегі білім ордасы екенінің айғағы. Біз саған алғыс айтып бас иеміз алтын ордам, 90- дағы қарт Қаз ПИім! /АГУІМ/! Әлі талай ұлағатты ұстаздар сенің қабырғаңнан әлемдік деңгейде білім алып шығарына мен нық сенімдімін!
Ниетқалиев Жұбатқан - Бүгінгі күні, Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық университеті шындығында, Республикамыздың ең алғашқы (1928ж) жоғарғы оқу орны, былайша айтқанда оқу-ағарту, білім берудің теңдесі жоқ, қара шаңырағы. Бұл атақты, ( кезінде педагогикалық институт) Университеттің аудиториясында отырып, қаншама мың ,тіпті миллион болар, білім алған шәкірттері, қазіргі кезде еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері, әкімдер, атақты ғалымдар, бизнестегі компаниялардың басшылары болып, әсіресе оқу-ағарту саласында қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүр.
Мен осы оқу орнын бітіргенімді мақтаныш тұтамын. (1960ж. бітіргенмін). ол кезде, ректорымыз, филология ғылымының докторы,профессор, Совет Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин ағамызболды, проректоры Фридман (атан ұмыттым) деген кісі, деканымыз Устилянко Петр Демьянович (география факультеті).
Әлі есімде, ол кезде КазПИ-де әр салада атақты ғалымдар сабақ берді, олар: профессорлар: Жаутиков, Жумалиев, Бірімжанов, Пальгов (географ), Суворов (биолог), Лемберг ( педагог), Концамбиев (географ), Машанов (геолог), Серік Қирабаев ағамыз т.б., ........
Кешіріңіздер, 60 жыл өтті ғой бұл кісілердің аты-жөнін ұмтыңқырап қалдым. Өзімде, 40 жылдан астам жоғарғы оқу орындарында дәріс беріп, асистент қызметінен профессор атағына дейін жеттім, құдайға шүкір, кәзір балаларымнан немере, шөбере сүйіп отырған, ардагер педагог, құрметті зейнеткермін (81 жас).
Мерекеге қатысып отырған жастар, сіздерге айтарым, қәзіргі заманның студенттері, магистрант, аспирант, докторанттар сіздер бақыттысыздар, тек алға талпынсаңыздар ғана міндетті түрде жетістікке жетесіздер.
Айтарым, терең ойлы болуға, қоғам тәуелсіздігінің құндылығын берік сақтауға, болашақтағы педагогикалық біліміңдіжетілдіруге, әрдайым кішіпейіл болып, еліміздің дамуына, халқымыздың рухани жаңғыруының жаңа бағыттарын дұрыс түсінуге, айтарлықтай үлес қосады деп сенемін.
Университеттің 90 жылдық ұлы мерекесі құтты болсын.
І/Н профессор, Ниетқалиев Жұбатқан.
Орынбетова Алмагүл Абиырқызы - Мен осы университеттің түлегі болғаныма бақыттымын, Мен бітіргелі 54 жыл болыпты, жасым 77 де, 90 жылдық мерейтойына қатысып бір жасап қалдым, қалай жақсы ұйымдастырған, безендірген, ұлттық әдемі киіммен қарсы алған қыздар, мерекелік медаль алғандағы қуаныш, төбеміз көкке бір елі жетпеді.
Осындай үлкен мерекені ұйымдастырып университетіміздің мәртебесін асырып, асқақтатып бүкіл ел жаһанға жеткізіп жатқан университет ректоры Балықбаев Такир мырзаға және университет ұжымына ризашылығымыз шексіз.
Түлектер форумын уйымдастырудағы Болатбек баламыздың уйымдастыру қабілеті, адамгершілігі, үлкендерге деген құрметі, сыпайы сөзі, іскерлігі, білімдігі, өте жоғары. Ризамын! Университет басшы ұжымына зор денсаулық, еңбекте табыс тілеп, сіздерді құрметтейміз.
Орынбетова Алмагүл Абиырқызы,
1964 жылы бітірген, математика,
физика және информатика факультеті.
ҰШҚАН ҰЯҒА ТАҒЗЫМ!
Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған Түлектер форумына ЖОО-ның қара шаңырағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих факультетін (ТжҚИ) үздік бітірген, қазіргі таңда жас ұрпақты біліммен сусындатып, тағдырын жазумен ұштастырып жүрген Қазақстанның жоғары санаттағы ұстаздары, жоғары қызметкерлер және елімізге танымал түлектері қатысты. Форумда құрылған Түлектер Ассоцациясы құрамына факультетімізді (институт) 1978 жылы бітірген Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Қалыбек Қобландин Ибрагимұлы және факультетімізді (институт) 1979 жылы бітірген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекеттік тарих институты директоры – Аяған Бүркітбай Ғелманұлы президум мүшесі болып бекітілді.
Форумнан кейін факультетті әр жылдары тәмамдаған экс-студенттер институтымыздың оқу ғимаратында бас қосып, «Ұшқан ұяға тағзым» атты мерекелік кездесуді жалғастырды.
Салтанатты шарада түлектерді алдымен оқу орнынының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, институттың оқу ғимаратын аралаудан бастады.
Кездесудің ресми бөлімінде Тарих және құқық институтының директоры, профессор Болат Жұмағұлов түлектер күні өте маңызды мейрам, шоқтығы биік шара екендігін айтып, университеттің 90 жылдық тарихына тоқталды. Халықаралық тәжірибеде, түлектерді университеттің дамуына мықты күш ретінде тартады. Сол негізде университетімізде «Бітірушілер ассоцациясы» құрылғандығын айтып, біз де сол үрдісті өз тәжірибемізге енгізіп, болашақта университетіміздің әлемдік жоғары деңгейге көтерілуіне, дамуына атсалысуға шақырды.
Университет басшылығы қарашаңырақта әріптестік байланыс орнатып, институт бітірген түлектеріне Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерекелік төс белгісін табыс етті.
ҚазҰПУ-да маманданып, үлкен өмірге жолдама алған кешегі студенттер бүгінде елімізге еңбектері сіңген ұлағатты ұстаздар, мемлекеттік жоғары қызметкерлер, қайраткерлер, әлемге танымал ғалымдар қатарындағы Түлектер өз кезегінде мамандық таңдауда қателеспегендіктерін айтып, мансап құруларына ҚазҰПУ табалдырығында алған білімнің зор пайдасы тигенін айтып, ағынан жарылды.
Университеттің 90 жылдық мерекелік тойды ұйымдастырып отырған Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир мырзаға, түлектер қауымдастығының төрағасы Нұрбатыров Болатбекке және институт басшылығына дән ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, беделді білім ордасынан алған ілім-білімге алғыстарын жеткізіп, университтетің 90 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтап, ұжым ұстаздарына шығармашылық табыс тілеп, университет қабырғасына талапкерлер тартуға атсалысып, «ҚазҰПУ Түлегі» атағын биік ұстап, мақтан тұтатындықтарын айтып, өздерінің ізгілікті тілектерін жеткізді.
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ.
Серкебаева Р.Н - Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлектер форумының ұйымдастырушылары! Ең алдымен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына қатысуға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Мен, Серкебаева Р.Н. түлектер қауымдастығының шақыруымен, дефектология факультетінің түлегі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен түлектер форумына қатысты.
Форумның мақсаты - жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу. Ректор Тахир Оспанович Балықбаев форумда құттықтау сөз сөйледі, ол түлектер мен форумға қатысушыларды университет тарихындағы маңызды күндерімен құттықтады. Ректор ректоры ҚазҰПУ түлектерінің қуатты және тұтас қоғамдастығының университеттің дамуы мен дамуына, еліміздің жетістігіне өздерінің маңызды практикалық және интеллектуалды үлесін қосатынына сенім білдірді. Форумға жиналған университет түлектеріне ризашылығын білдіріп, мерейтойлық мерекелік іс-шараны өткізуге қатысқан ұйымдарға алғысын білдірді.
Аталмыш форум өте қызықты, ақпараттандырылды, ол көптеген түлектерді жинады, оның ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген дефектологтар, бұл университеттегі дайындықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Ректор Т. Балықбаев, проректорлар Б.М.Бектемісов, Ж.И. Ишпекбаев, Педагогика және психология институтының директоры Б.А. Алмұхамбетов, Орг. Комитет Нұрбатыров Б.
Педагогика және психология институтының арнайы білім бөліміне психология ғылымдарының кандидаты А.А.Атаеваның, педагогика және психология институтының үйлестірушісі Г.Б. Ибатовадан ерекше алғысымды білдіремін.
Құрметпен «Арнайы мектеп-№5»
мемлекеттік мекемесінің
директоры Алматы қаласы
Серкебаева Р.Н.
Байтубекова Ләззат Нұрғазықызы - Құрметті университет ректоры Такир Оспанұлы! Құрметті университет табалдырығын аттап отырған студенттер! Құрметті профессор - оқытушылар! Құрметті қонақтар! Ұлан байтақ жерін, рухы асқақ, намысы биік ел, қазақ елінің қалыптасуындағы мызғымас берік идеологиялық негізі, ұлттық сана, ұлттық рух, ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие т.б. мәңгілік ел идеясын іске асырудағы негізгі ұстанымды көзінің қарашағындай сақтап отырған Қара шаңырақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет ұжымы, профессор - оқытушы қауымы! Кеше ғана өткен университтің 90 жылдық мерей тойы әлемдік деңгейде өткеніне бүкіл қауым, өзім де куә болдым. 90 жылдық мерей тойларыңыз құтты болсын! Шәкірттік құттықтауымды қабыл алыңыздар! 90 жылдық тарихы бар білім ордасында, аталған киелі шаңырақта - кемеңгер тұлғаларымыз Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмухамедов, Мұхтар Әуезов, Сабит Мұқанов т.б. негізін салған ұлттық идеяларды іске асыру арқылы ұжым және түлектер барлық күш жігерін салып еңбек етіп жатыр. Қазіргі таңда аталған идеяларды іске асыру бүгінгі жаһандандыру үдерісінде, ұлттық идеялардың әлемдік идеялармен өзара сабақтастыру жағдайында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттер қатарынан көрінуі университетте атқарылып жатқан тарихи шаралардың өзіндік үлесі бар деп бағалауға болады. Қара шаңырақтан қаншама парасатты тұлғалар, жазушылар, ақындар, ғалымдар, өнер адамдары, мықты ұстаздар шықты. Ұлттың ұлттық қасиетінен, қара шаңырақтан нәр алған тұлғалар еліміздің түкпір - түкпірінде «қазақ елі- мәңгілік ел» идеясын іске асыруда азаматтық -парасаттылықпен еңбек етуде. Міне, соның бірі біздің әулет негізін салған династия. Анам марқұм Қазымбетова Жамалхан – география - тарих мамандығын 1951 жылы бітірген, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалімі. Өзім, Байтубекова Ләззат Нұрғазықызы - Абай атындағы ҚазҰПУнің математика факультетінің 1976 жылғы түлегімін, Алматы қаласы, № 178 физика- математика лицейінің жоғары санаттағы мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің екі мәрте Құрмет грамотасының, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерімін. Әпкем Роза Байтубекова да қара шаңырақтың математика факультетін бітірд Сүлейменова Анара - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің биологияпсихология мамандығының 2007 жылғы түлегі, жоғарғы санаттағы мұғалім. Мен бұл жерде біздің династияның жеткен жетістігін айтып тұрған себебім, олардың осындай деңгейге жетуі осы университетте алған біліміне байланысты екені белгілі. Бізге сабақ берген профессор - оқытушылар алдыңғы қатарлы біліммен қаруланған зиялы ғалымдар еді. Маған сабақ берген, менің ұл - қыздарыма сабақ берге және залда отырғын сіздерге сабақ берген профессор қауымына алғысымыз шексіз. Тағы да, сіздерге басымызды иіп, ризашылықтарымызды білдіреміз!
Ұлы Абайдың есімін алып отырған 90 жылдық тарихы бар қара шаңырақ Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті қазіргі таңда аталған идеяларды іске асыру бүгінгі жаһандандыру үрдісінде, ұлттық идеялардың әлемдік идеялармен өзара сабақтастыру жағдайында үлкен іс - шаралар атқарып отыр. Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Халыққа жолдауымен тұспа - тұс келген қара шаңырақтың 90 жылдық мерей тойы 44 педагогикалық жоғары оқу орындары мүше болып отырған Ресей, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Армения елдерінің Педагогикалық университеттер Еуразиялық Ассоцияциясының басшыларының қатысуымен өткен халықаралық форум, ғасырлық тарихы бар оқу орнын 170 000 түлектердің бітіргенін, олардың кездесу форумын алғашқы құрылған түлектер Ассоциациясының жемісті еңбегі деп бағалауға болады. Халықаралық форуммен орай ұйымдастырып отырған түлектер форумы бұл түлектер үшін де, университет үшін де жаңашылдық деп бағалаймыз. Түлектер форумын ұйымдастыруда басшылық жасап отырған университет ректорына, түлектер қауымдастығына ризашылығымыз шексіз. Президенттің әр жылғы жолдауларын және Елбасының «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық бағдарламасын іске асыруда әлемдік деңгейдегі жаңа технологиялардың дамуы барысында білім беруге деген көзқарас тың арнада, білім беру парадигмасына жаңаша қарау мәселесі болашақ маманның интеллектуалды тұлғасының қалыптастыратын мүмкіндіктер бүгін 90 жылдығын атап отырған қазақтың тұңғыш жоғары оқу орында іске асып отыр. Аталған университет республика бойынша педагогикалық оқу орындарының қатарында көшбасшы болып отырса, QS World University Rankings әлемдік рейтингінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша университет 481 орынды иеленуі, QS World University Ranking рейтингісі бойынша Еуропа мен Орталық Азияның 200 үздік университеттер арасында 86 орында болуымыз профессор - оқытушы қауымының табысты еңбегі деп бағалаймыз. Бәсекеге қабілетті зияткер тұлға, бәсекеге қабілетті білім ордасын құра білді. Құрметті Такир Оспанұлы! Құрметті профессор - оқытушылар! Құрметті университет табалдырығын аттап отырған студенттер! Университеттің 90 жылдық мерей тойларыңызбен және құрметті студенттер университет табалдырығын аттаған қадамдарыңыз құтты болсын деп құттықтай отырып, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, ұлы даланы мекен етіп отырған халықты бәсекеге қабілетті, әлемдік техникалық прогресс көшіне ілесе алатын, рухы биік зиялы ұрпақты қалыптастыруда әлемдік кеңістіктің биік төрінде болуларыңызға тілектеспін!