АСҚАР АЛТАЙ
Жазушы, әдебиет сыншысы.
Жазушы Асқар Алтай 1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған.
Сәби шағында Күршім ауданының Қаратоғай ауылына әке-шешесі көшіп келеді. Балалық шағы Өр Алтайдың ең бір сұлу жері – Марқакөл мен Мұзтау, Сарытау мен Құзғынды, Қызбейіт пен Қаражал секілді әйгілі өңірлерінде өтеді. Әкесімен бірге жаз жайлауда – үйір-үйір қалың жылқының арасында, анасы бие сауып, қымыз сапырған қыран қарағайдың ішінде ержетеді.
Құла құнан дегенде, Құла құнан,
Қиығы бар мінер жақ құлағынан.
Айнымайтын ағызып шапқан сәтте
Желдей ескен даланың құланынан, –
деп, мектепте жүріп «Құла құнан» әңгімесіне эпиграф етіп алған бір шумақ өлеңінен-ақ, жайлаудағы балалық бал күндерінің қимас суреттері байқалады. Сондықтан да балалық шағындағы туған жерінің табиғатынан, аң-құсы мен жан-жануарының тіршілігінен сусындаған сұлулық оның бүкіл шығармашылығына рухани азық боп келеді.
Ол тоғыз баланың ортасында еркелеп өседі...(Бұл күнде олардың бәрі де бір-бір шаңырақ иесі, интеллигент отбасылар)
Әкесі Құмар Алпысбайұлы 1936-1942 жылдары Москвадағы Мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің(КГБ) Диверсиялық Барлау мектебінде арнайы оқыған кадрлық барлаушы офицер, жоғары білімді заңгер еді. Ол – Шығыс Түркістан Республикасын құрысуға жіберіліп, Қытайдан азат етуге атсалысқан азамат. Шығыс Түркістанның Алтай аймақтық Сақшы бастығы лауызымды қызметін атқарған белгілі тұлға... Арғы аталары Алпысбай Жылқышыұлы – Марқакөл өңірінде жеті мың жылқы біткен әйгілі Шонжырбайдың немересі болатын. Ал анасы Меңке-Меңсұлу Бұтабайқызы мұғалімдер гимназиясын бітіріп, Алтай қаласы әкімшілігінде қызмет істеген интеллигент жан еді.
Міне, болашақ жазушы осындай қордалы да қазыналы отбасында тәрбиеленген... Әкесінің әңгімесіне жастайынан жанында атқосшыдай еріп жүріп қанып өскен, шешесінің тәрбиесімен азамат болып ержеткен жасөспірім мектепте жүріп-ақ жазушы болуды армандайды. Оның бағына 6-8 сыныптарда қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінен берген Нүрбилә Шәкенова, Бақыт Тұрғанбаева апайларының шығарма жаздырудағы шеберлік дәрістері мен ізгілік үлгілері ерекше әсер еткені де ақиқат. «Қалғұты мектебінде алған білімді мен басқа ешқандай мектепте алған жоқпын» деп мойындайды ол. Сол мектепте жүрген кезінде өлең жаза бастайды, тіпті көктем туралы бір өлеңі Күршім аудандық газетінде жарық та көреді. Бірақ байқампаз әкесі «Мықты болсаң, қарасөз жаз» деп тыйым салады. Осы бір ауыз сөз оның бүкіл тағдыр жолын бұрып, болашақ бағдарын белгілеп бергендей болды.
Ол әкесі қапияда қайтыс болған жазда – Шірікаяқ ауылында 9-сыныпты бітірісімен Алматыға үй-іші көшіп, қала іргесіндегі Райымбек ауылында Кенен Әзірбаев атындағы мектепті тәмамдайды. Мектепте жақсы оқиды. Сол жылы жоғары оқу орнына түсіп, 1984 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика университетінің филология факультетін бітіреді. Институт қабырғасында жүріп «Қызыл бөлтірік» атты тұңғыш повесін жазады. Ол хикаяты кейін Халықаралық Сорос қорының Бас жүлдесіне ие болады...
Институтты бітіре сала Алматы облысы Күрті ауданындағы «Шұғыла» газетінде тілші болып істейді. Шығармасы алғаш рет 1989 жылы бірден «Жұлдыз» журналында «Екі әңгіме» деген атпен «Балақ бау», «Тасбақаның тақыры» шығармалары жарияланғаны белгілі. Сол қос әңгіме оны қазақтың атақты жазушысы Мұхтар Мағауиннің көзіне түсіріп, Қазақ телевидениесінде редактор болып жүрген жерінен 25 жасында «Жұлдыз» журналына қызметке шақыртады. Бұл жас қаламгердің күллі шығармашылық ғұмырын айқындаған аса бір сынақты ауыр жол болатын, әрі балалық арманына бір қадам жақындатқан бақытты шақырту мандаты еді.
Бүгінде ол азабы мен ләззаты мол шығармашылық жолда қуатты қаламын қайраты мен қажырына суарып келеді... Алты Алашқа әйгілі жазушы екенін қалың оқырман мойындаған қаламгер.
Ол – көптеген әдеби, сын мақалалар мен отыздан астам әңгімелердің, «Қызыл бөлтірік», «Қара бура», «Қаладағы құтпандар», «Жолаушы(Оқырманның әңгімесі)» повестерінің, «Алтай балладасы(Алтайдың алқызыл модағайы)», «Сират(Алтай сагасы)», «Туажат(Тамұққа түскен сәуле)» романдарының авторы.
1996 жылы «Қызыл бөлтірік», 1998 жылы «Қыр мен қала хикаялары», 2001 жылы «Алтай новелласы», 2008 жылы «Казино», 2013 жылы «Киллер сауысқан», 2014 жылы «Сират», 2017 жылы «Алтай балладасы», балаларға арналған «Дегелеңдегі қызыл күн» атты кітаптары жарық көрді.
Шығармалары Англияда, Түркияда, Қытай мен Ресейде жарияланды.
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының (2001), Халықаралық Франц Кафка атындағы алтын медальдың (2011), Т.Айбергенов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1999), Халықаралық СОРОС қоры бәйгесінің жеңімпазы (1996), ҚР «Құрмет» орденінің иегері(2017).
ЖИРЕНОВ САЯН АМАНЖОЛҰЛЫ
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Жиренов Саян Аманжолұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институты, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), филология ғылымдарының кандидаты.
Жиренов Саян Аманжолұлы 1999 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті қазақ филологиясы факультетіне «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы оқытушы, филолог деген мамандықты алған. 2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ филологиясы факультетіне магистратураға түсіп, 2005 жылы үздік бітірген. 2005 жылы аталған университеттің қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының ізденушісі болып, 2007 жылы профессор Ф.Ш.Оразбаеваның жетекшілігімен «ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты» атты кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты деген дәрежеге қол жеткізді. Ғылымдағы үздіксіз зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, 2016 жылы ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология факультеті, қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасында 2005 жылдан бері оқытушылық, аға оқытушылық, қауымдастырылған профессор (доцент) секілді қызметтерді атқарып келеді. 2011-2012 жылдар аралығында филология факультеті деканының ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. 2012-2017 жылдардың аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы журналы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясының бас редакторы секілді қосымша қоғамдық жұмыстарды атқарды.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Жиренов Саян Аманжолұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасында 2005 жылдан бері тұрақты түрде қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, 2017 жылдан бері Филология және көптілді білім беру институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасыр болып жауапты қызмет атқарып келеді.
Жас ғалымның ғылыми шығармашылық жұмыстары мемлекеттік тұрғыданда бағаланып, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми мемлекеттік стипендияның иегері ретінде танылды (2012). Есімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Тілші және әдебиетші: ұстаз-ғалымдары» атты энциклопедисына (2010), «Қазақстан ғалымдары» атты биографиялық интернет энциклопедияға (www.ukz.kz // 2013) енген.
Тіл білімінің антропоцентристік лингвистика (Когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лексикология, т.б.), түркология, лингвофилософия салалары бойынша ғылыми шығармашылықпен айналысуда. Ғылыми мақалалары Қытай, Монғолия, Ресей, Украина, Түркия, Қырғыстан, т.б. секілді алыс-жақын шетелдерде жарыққа шыққан.
С.А.Жиренов мемлекеттік қызметкерлерге арналған, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақ тілі» атты 6 деңгейлі оқу-әдістемелік құрал авторларының бірі. Сол секілді жас ғалым жоғары оқу орындары филология факультеті студенттерінің таңдау компоненті «Когнитивтік лингвистика», «Линвистикалық терминдер теориясы» пәндеріне арналған «Когнитивтік лингвистика» (2010 ж.), «Линвистикалық терминдер теориясы» (2012 ж.) атты оқу құралдарының авторы. Сондай-ақ, Жиренов Саян Аманжолұлы лингвокогнитивтік бағыт аясында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде 2011 жылы «ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің тілдік-танымдық табиғаты» (2011 ж.) ғылыми монографияны жарыққа шығарып, ғылыми өндіріске енгізді. Жас ғалымның аталған зерттеу еңбегі ғылыми ортада ғалымдардың оңды бағасына ие болды. Жалпы Жиренов Саян Аманжолұлы лингвофилолософия, лингвокогнитология, түркология, лексикология салалары аясында жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмымтарын үзбей жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде жас ғалым 60-тан астам ғылыми мақалалардың авторы болып табылады.
Молдасанов Ерсайын Мышанұлы
Филология және көп тілді білім беру институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Молдасанов Ерсайын Мышанұлы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Молдасанов Ерсайын Мышанұлы 1965 жылы, 18-ші қаңтарда Алматы облысы, Нарынқол ауданы Сарыбастау селосында дүниеге келген.
1982 жылы Ленин атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң, Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ педагогикалық институтына түсіп, осы институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түсіп, 1988 жылы аяқтаған. Мамандығы — орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. 1983-1985 жылдар аралығында әскер қатарында болған.
1988-1991 жылдары Алматы облысы, Нарынқол ауданы Қызылшекара орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, осы мектептің комсомол секретары болып жұмыс атқарған.
1991- 2012 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың практикалық тілдер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, ф.ғ.к., доцент, 2012 -2015 жылдары Қазақ Е және ӘҚА-ның профессоры, 2015 жылдан Жалпы тіл білімі кафедрасыны оқытушысы. 2017 жылдан Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы.
2005 жылдың «13» желтоқсанында10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша Ерсайын Молдасановтың «С.Жүнісовтің «Ақан сері» романы тілінің көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясына Д.14.09.04 диссертациялық кеңес шешімі бойынша Ерсайын Молдасановқа филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. 2006 жылдан филология ғылымдарының кандидаты . 2011 жылдан тіл білімі саласы бойынша ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 10.02.00 тіл білімі доцент ғылыми атағын алған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен мәтін лингвистикасы, көркем мәтін теориясы, психолингвистика саласы бойынша ғылыми бағытта жұмыс істейді. Оның 4 оқу құралы, «Қазақ тілі» Жоғары оқу орындарының тарих факультетінің орыс бөлімдері студенттеріне арналған (авторлық бірлестікте) оқу құралы, көлемі-12,0 е.б.т. таралымы 300 дана, 130 ғылыми мақаласы, жарық көрген. 2015 жылдан 10 бакалавр дипломына және 8 магистрлік дипломға жетекшілік атқарып,қорғатып шығарған.
2008 жылы «Қазақ тілін үйрену әліппесі» атты оқу құралы (Қарапайым деңгей) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі «Білім»тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секцияның 2007 оқу жылының 01 маусым №4 –ші хаттамасымен бекітілген. Көлемі – 6.6 баспа табақ. Таралымы 500 дана. Кәсіби Қазақ тілі (Бастапқы әскери дайындық мамандығы студентеріне арналған) 2013ж. Таралымы 500 дана.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы Д 14 А.01.23. диссертациялық кеңесте қорғалған Ж.У.Есинбаеваның 10.02.02-қазақ тілі мамандығы бойынша «Ғылыми-көпшілік стиль: дискурстық, тілдік-стильдік талдау» тақырыбындағы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғалған диссертацияға 28. 01.2010 жылы ресми сарапшы болды. 1991-2018 жылдарда ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми ойлары мен пайымдауларын ортаға салып, ғылыми-әдістемелік тәжірибесін оқу үдерісінде ұтымды пайдаланып келеді. Қоғамдық жұмыстар мен тәлімгерлік жұмыстарға белсене араласып, көп жылдан бері топ тәлімгері ретінде студенттерге тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыруда.
2011 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰТО-ның Құрмет грамотасымен марапатталған.
ЕРҒОЖИНА ШАТТЫГҮЛ ЛЕСБЕКҚЫЗЫ
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ерғожина Шаттыгүл Лесбекқызы 1966 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында туылған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған пофессоры. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары» курстарынан дәріс оқиды.
1992 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
1992-2008 жылдары Алматы қаласындағы №1 қазақ-түрік лицейінде, № 62 гимназияда мұғалімдік қызмет атқарды.
2009 жылы «Құрмалас сөйлемдерді оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.
2010-2011 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде аға оқытушы, 2011 жылдан бері Қазмемқызпу-да қауым.проф.м.а., 2012-2016 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Республикалық және Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда бірнеше баяндама, 100-ге тарта ғылыми мақаланың авторы. («Педагог мамандардың құзыреттілігі» (2014 ж), «Қазіргі қазақ тілінен білім беру жайы» (2014 ж), «Қазақ тілі пәнінде дамыта оқытуға арналған практикалық сабақты ұйымдастыру» (2014 ж), «Сыни ойлау арқылы оқытуды ұйымдастырудың маңызы» (2015 ж), «Totemic Views in the Anthroponomical Picture of the World» «Review of European Studies» журналы Sсopus Канада, №6 2015, “Жоғары оқу орнында қазақ тілін дамыта оқыту арқылы ұйымдастыру» (2015 ж), «Тілдік тұлғаларды меңгертудің мәтінмен байланысы» (2015 ж), «Қазақ тілінен мәтінді дискуссиялық жолмен талдау» 2016 ж, «Кейс-стади әдісін қолдануда қалыптастырылатын дағдылар» 2016 ж., «Студенттің өзіндік логикасы мен интеллектісін жоғарылату» 2016., «Тіл сабақтарында көркем мәтінге мағыналық талдау жасау» 2016 ж. т.б.) «Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» нұсқаулығының (2012ж), «Құрмалас сөйлемдерді шығармашылықпен оқыту»(2013ж) монографиясы, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі: библиографиялық көрсеткіш» 2013ж, «Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасын оқыту» 2014 ж. оқу құралының «Құрмалас сөйлем синтаксисі» және «Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары» 2017ж.электронды оқулықтардың авторы. Лингвистика бойынша ғылыми жұмысын жалғастыруда.
“Қазақ тілінің үздік мұғалімі – 2010” қалалық байқауының жүлдегері. 2010 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты бірлестігінің «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне, жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін» Алғыс хатын иеленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл” мерекелік медалімен (№04748) наградталды.
2015 ж. қыркүйек айында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдығы қарсаңында Университеттің «Құрмет» медалімен наградталды.
2017 ж. Алматы қаласы «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалімен марапатталды.
2018 жылы «Білім беру саласының үздігі» (№В1-368) медалімен марапатталды. Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Респубилкалық Кеңесі.
2015 ж «Ұлағатты ұстаз» атты IX Республикалық оқытушылар сайысының «Сабақ» номинациясы бойынша 1-орын жүлдегері. “ZIAT” Ғылыми –әдістемелік орталығы. Астана қаласы. 1-дәрежелідиплом № П-05392.
2015 ж. «Ұлағатты ұстаз» атты IX Республикалық оқытушылар сайысының «Сабақта көрнекілікті қолдану» номинациясы бойынша III-орын жүлдегері. “ZIAT” Ғылыми–әдістемелік орталығы. Астана қаласы. 3-дәрежелі Диплом № П-05454
2016 ж. «Менің үздік презентациялық сабағым» атты VI Республикалық мұғалімдер сайысында 1-орын жүлдегері. “Сабақ беру кезіндегі презентацияның қолданылуы” номинациясы бойынша. “ZIAT” Ғылыми –әдістемелік орталығы. Астана қаласы. 1-дәрежеліДиплом№ П-01379
2017 ж. «XXI ғасыр педагогы» халықаралық байқаудың 3-орын жүлдегері. «Білім- Edukation» оқу-әдістемелік орталық. Астана қаласы.
ЖҰМАҚАЕВА БЕРЕКЕ ДАУЛЕТХАНОВНА
- 15.06.1965 жылы (Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде) туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры. 2003 жылы ҚР ҰҒА академигі С.С. Қирабаевтың жетекшілігімен 13.00.02 – Оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 сыныптарында оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, 2003 жылғы 19-қыркүйектегі шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты (мамандығы: 13.00.02-оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі) ғылыми дәрежесі берілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2005 жылғы 3 наурыздағы шешімімен (№27 хаттама) 13.00.00 – педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.
Республикалық «2014 жылдың үздік әдіскері» байқауының жүлдегері. 2017 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері.
2008-2013 ж. ҚызПУ Хабаршысы ғылыми журналдың жауапты редакторы, 2010-2012 жж. университет ғылыми кеңесінің бас хатшысы, 2010 жылдан қазақ әдебиеті кафедрасы жанындағы «Інжу-маржан» көркемсөз үйірмесінің жетекшісі, 2015 жылдан «Еңлік» студенттер театрының жетекшісі. 2013 жылдан факультет әдістемелік бюросының төрағасы міндеттерін атқаруда. Университеттің оқу-әдістемелік Кеңесінің мүшесі. Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша оқу әдістемелік бірлестік мүшесі.
Негізгі ғылыми бағыты: оқыту әдістемесі; Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында 200 ден аса еңбектері жарияланған, бірнеше оқу, құралдары мен оқулықтың авторы. Атап айтқанда:
ҚР Мәдеиниет және ақпарат миистрлігі Тіл комитеті ұсынған «Дене мүшелерінің атауларынан туындаған бірліктер» оқу құралы 2009; ҚазмемқызПУ баспа кеңесі ұсынған «Жыраулар поэзиясын талдап тану»оқу құралы (жеке жазылған); «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу құралы 2015 (жеке жазылған); ЖОО орны білім бағдарламасының міндетті компоненті бойынша жазылған ҚР Білім және ғылым министрігінің грифін алған «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»оқулығы 2015 (жеке жазылған), РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестік шешімімен ұсынылған «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» оқу құралы 2017 (жеке жазылған), ҚазмемқызПУ Ғылыми кеңесі ұсынған «Абай шығармаларын оқыту әдістемесі» монография (жеке жазылған), «Қазақ әдебиеті 45 минут» оқу-әдістемелік құралы, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған сандық білім беру ресурстары 1 (ұжымдық жазылған), бір оқу құралы РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша ОӘБ грифімен жарық көрген. Мақалалары уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда, шетелдік ғылыми журналдарда, Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған. Әдіскер-ғалымның еңбектері Жоғары және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының дәріс беру курстарында және ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылып келеді.
Өткен курстары мен тағылымдамалары: Санк-Петербург қаласы МИЭП НЦИТ Прогресс орталығында (2013); ҚР ББЖ «Өрлеу» орталығында (2013); ҚР НЗМ мен Кембридж университеті Білім факультетінің бірлескен жобасында(2015) іс-тәжірибеден өткен. ҚР ПШО (2012-2015) т.б.) біліктілік құжаттамасы бар. Прага қаласында 2018 ж. «Педагогиканың мәдениетаралық және философиялық қарым-қатынастары мәселелері мен оқыту әдістері» жөнінде ғылыми тағылымдамадан өткен.
МАХАМБЕТОВА ГУЛЬБАНУ ЖАМБЕКОВНА
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектептің жоғары біліктілік санаттағы мұғалімі. «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Педагог-зерттеуші», «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері.
Махамбетова Гульбану ЖамбековнаАбай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектептің жоғары біліктілік санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
1969 жылы 8 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген.1991 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Аталған мектепте 1991 жылдан үздіксіз еңбек етіп келеді. Осы уақыттан бері оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырудың қыры мен сырын жете меңгерген ұстаз әр жыл сайын республикалық деңгейдегі курстарда, ғылыми-практикалық конференция, семинарларда көптеген ашық сабақтар өткізіп, озат педагогтармен тәжірибе алмасуда. Дәріс беретін далаларының барлығы дерлік өлең, әңгіме, ойтолғау, шығарма, эссе жазумен айналысады. Жұмыстары мектепішілік «Балбұлақ», «Қауырсын қалам» журналында, «Арда» газетінде, «Ақ желкен», «Ұлан», «Айгөлек», «Жас алаш», «Айқын» сияқты республикалық басылымдарда жарыққа шығып тұрады.
Оқушылары республикалық дәрежедегі түрлі жарыстарда үлкен жетістіктерге жетуде. Мысалы, (соңғы бес жылдағы жетістіктері)Республикалық олимпиада жеңімпаздары: Төлеужан Әділет – І орын (2013), Садықова Арайлым – І орын, ІІІ кезең (2014), Масек Назерке - І орын, ІІІ кезең (2015), Русланқызы Дана - І орын (2016), Масек Назерке - ІІ орын (2017); Масек Назерке І орын (2018);
Республикалық ғылыми жобалар жарысы:Қалдыбай Жаңылсын, Жұмақан Назгүл – ІІ орын (2013), Бақбергенова Назгүл, Бекпенбетова Сандуғаш – І орын (2014), Жағыпар Қарлығаш, Мұхтарова Арайлым – ІІ орын (2015), Тоқтабек Аружан – ІІ орын (2016); Атажан Досбол – І орын (2018), Серікбай Жансерік – ІІ орын (2018), Жұмағұлов Мағжан, Барат Дина – ІІІ орын (2018);
Республикалық шығармашылық байқаулар мен оқулар: Төлеужан Әділет – ІІ орын, «Бабалар рухына бас иеміз!» (2013), Русланқызы Дана - «Асыл мұра» IV Республикалық ән-би байқауының «Көркем сөз оқу» номинациясы, I орын ( 2013,2014), Русланқызы Дана - «Менің Әуезовім» Республикалық шығармалар конкурсы, І орын (2014), Серікбай Жансерік - «Жыр алыбы - Жамбыл», республикалық жас ақындар айтысы, Алғыс хат (2015), Алмасханқызы Арайлым - Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуы», ІІІ орын (2015), Масек Назерке – ХҮІ Республикалық Абай оқулары, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы, ІІ орын (2015), Мамырайым Шадияр – І Республикалық жыршылар сайысы, ІІІ орын ( 2015), Серікбай Жансерік – ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында өткізілген «Ер есімі ел есінде» атты жас ақындар айтысы, ІІІ дәрежелі диплом, (2017), «Журналист болғым келеді» республикалық эссе-шығармалар байқауы, ІІ орын (2018), Атажан Досбол – «Журналист болғым келеді» республикалық эссе-шығармалар байқауы, І орын, республикалық «Ұлан» газетінің ұйымдастыруымен өткен шығармалар конкурсы, І орын, «Gymnasium cup» республикалық дебат турнирі, «Бас жүлде» (2018), «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарының оқушылары араында «Айтыс – сөздің майданы» тақырыбымен өткізілген жас ақындар айтысына қатысып, жүлделі І орынға ие болды (2018).
Гульбану Жамбековна - «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Педагог-зерттеуші», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Республикалық «Дарын» орталығы жанынан құрылған әдістемелік кеңестің мүшесі, «Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламаларының» авторы, «Мазмұндамалар мен диктанттар жинағының» авторы, Білім беруді Ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар Орталығының басшылығымен 10-сыныптың қазақ тілі оқулығына арналып жазылған электрондық оқулықтың авторы, мұғалімдердің «Ең үздік авторлық бағдарлама» республикалық бәйгесінің жеңімпазы (1-орын), бірнеше мәрте ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған (1994, 1996, 2002,2005, 2017); 2017 жылы Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің «Алғыс хатын» алды.
Г.Ж.Махамбетова ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын (2016 ж.), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады (2017).
Жоғары біліктілік санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», «Педагог-зерттеуші», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Республикалық «Дарын» орталығы
жанынан құрылған әдістемелік кеңестің мүшесі Жоғары біліктілік санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», «Педагог-зерттеуші», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Республикалық «Дарын» орталығы жанынан құрылған әдістемелік кеңестің мүшесі, «Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламаларының» авторы, «Мазмұндамалар мен диктанттар жинағының» авторы, Білім беруді Ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар Орталығының басшылығымен 10-сыныптың қазақ тілі оқулығына арналып жазылған электрондық оқулықтың авторы, мұғалімдердің «Ең үздік авторлық бағдарлама» республикалық бәйгесінің І орын иегері (жеңімпазы). Жазушы Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» атты әңгімесі бойынша түсірілген 6-сыныпқа арналған оқу диафильмінің авторы.
АУГАНБАЕВА АЙЖАН МЫРЗАХМЕТОВНА
Алматы қаласы №127 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңжоғары біліктілік санаттағымұғалімі.
Айжан Мырзахметқызы өзінің шығармашылдығымен, ізденімпаздығымен қоса, аса жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен мектеп ұжымына ғана емес, Алматы қаласы Білім Басқармасына да жақсы таныс. №127 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары қызметін шебер орындай жүріп, Айжан Мырзахметқызы педагогика саласындағы ірі ғалымдармен іскери-кәсіби байланыс орнатты. СДУ, КИМЭП, КазҰАУ, т.б. бірқатар жоғары оқу орындарымен бірлесе халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізді. КИМЭП, т.б. университет ғалымдарымен: филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ш. Ерназаровамен, Ә.Ж.Хазимовамен, Т.Ермековамен, педагогика ғылымдары кандидаты А.Сарбасовамен, Б.У.Салыховамен, т.б. ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздармен білім беру саласының күрделі мәселелерін зерттей отырып, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге автор болды.
Ауғанбаева А.М. – педагогикалық қызметін қоғамдық, азаматтық парызымен сабақтастыра алған отаншыл адам. Оған Айжан Мырзахметқызының «НұрОтан» партиясының белсенді мүше болуы, Қазақстан Республикасы сайлау комиссиясына мүшелігі дәлел бола алады. Еңбекқор, шығармашыл, талапшыл ұстаздың білім беру ісіндегі қажырлы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, Алматы қаласы және Әуезов ауданы әкімі Алғыс хаттарымен, Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, «НұрОтан» ХДП Алғыс хаттарымен, т.б. Мақтау қағаздармен марапатталды. Бергенінен берері көп тәжірибелі тәлімгер ұстаз жанына жас мамандар үйір. Тренер, коуч әрі тәжірибелі ұстаз Айжан Ауганбаева – тек оқушыларға ғана емес, әріптестеріне де берері көп маман.