ШАХАНОВА РОЗАЛИНДА ӘШІРБАЙҚЫЗЫ
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Білім беру үздігі. Ы. Алтынсарин медалінің иегері. Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі.
Шаханова Розалинда Әшірбайқызы (Аргимбаева), 1951 жылы 25 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Әкесі, Аргимбаев Әшірбай Мамырайымұлы (1923), Луговой (қазіргі кезде Тұрар Рысқұлов) ауданындағы Карл Маркс атындағы колхоздың (қазіргі Құмарық) беделді, білікті өте білімді адамы болған. Ол Алматыдағы Заң институтын бітіріп, 1950 жылдан бастап, дүниеден өтер уақытына дейін (1967) осы салада біраз елеулі қызметтер атқарған: Оңтүстік Қазақстан облысында прокурор, аса маңызды жұмыстар бойынша тергеуші және адвокат болып жұмыс істеді. Анасы, Аргимбаева Ақбөпен Төлбайқызы да сол жердің тұмасы.
Розалинда Әшірбайқызы 1968 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданның орталығындағы Трубицын атындағы мектепті бітірді.
Екінші жоғары білімін 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша алған.
Бірінші жоғары білімін 1974 жылы Қазақмемлекеттік қыздар педагогикалық институтының (қазір университет) орыс филологиясы факультетінің орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған.
Институттан кейін еңбек жолын Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №82 орыс орта мектебінде бастаған (1974 – 1978 жж.).
1978 жж. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (бұрынғы Политех) орыс тілі кафедрасында оқытушылық қызметтен бастап, 2004 жылға дейін аталған университетте 30 жылдай жұмыс жасап, оның ішінде 14 жыл қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1983-1987 жылдар аралығында Қазақстанның ғұлама ғалымы, Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, академик З.Қабдолов басқарған кафедрада оқып, мақсатты аспирантураны бітірді. 1990 жылы атақты ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Нұрғалидың жетекшілігімен 10.01.02 мамандығы бойынша «Проблемы перевода поэзии А.С.Пушкина на казахский язык» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
1993 жылы ДЦ аттестаты №0000414 тіл білімі мамандығы бойынша доцент атағыналды. 2002 жылы елге танымал тілші, қазақтың бір туар қызы, филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Оралбаеваның жетекшілігімен 13.00.02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі) мамандығы бойынша «Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
2004-2008 жылдар аралығында Қазақмемлекеттік қыздар педагогикалық институтының (қазір университет) Оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор қызметінде болды.
2004-2008 жж. қосымша Алматы қаласының Алмалы аудандық сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы міндеттерін орындады.
2008-2011 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ-де Психология және педагогика факультетінің деканы, ал, 2011-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура институтының филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 2013-2014 жылы Филология институтында филологиялық пәндерді оқыту кафедрасының меңгерушісі, 2014-2017 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институтында филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
1 қыркүйек 2017 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі.
2009 жылы – Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі (МАНПО) атағын алды. 2010 жылы – Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып тағайындалды. 2011 жылы ПР №0000767 педагогика мамандығы бойынша профессор атағына ие болды.
Р.Ә. Шаханова 200-ден аса еңбектердің авторы. Оның ішінде 2 монография, 15 оқу құралы, электронды оқулықтар, мектеп арналған оқулықтар, көптеген әдістемелік нұсқаулықтар мен типтік бағдарламалары бар. 120-ден аса ғылыми мақалалары, оның ішінде 2 РИНЦ, 3 импакт - факторлы мақалалары ғылыми айналымда кеңінен қолданылып келеді.
Р.Ә.Шаханованың ғылыми жетекшілігіммен 3 PhD докторы,1 ғылым кандидаты, 20-ға жуық магистранттар диссертация қорғады. Көптеген кеңестердің, комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысты:
40 жылдан астам жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жүріп, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ғылыми, диссертациялық кеңестерінің мүшесі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде біраз жылдар бойы диссертациялық кеңестердің мүшесі болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің және Филология және көптілді білім беру институтының ғылыми кеңестерінің мүшесі.
2016 жылдан бастап бүгінге дейін Абылай хан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің диссертациялық кеңесінің мүшесі. Республика бойынша шығатын басылымдардың редакция алқасының мүшесі: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлттық тәрбие», «Педагогика және Психология» және т.б.
Ғылым мен білім жолында сіңірген ерең еңбегі үшін төменгідей марапаттар алды: 1995 ж. - ҚР Білім беру үздігі, 2013 ж. - «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. 2014 ж. - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалінің иегері.2015 ж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы». 2016 ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегім үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері.
Сонымен қатар, қайырымдылық жасау мақсатында біраз іс-шараларды атқарып жүр, мысалы: Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылында әкесінің атына «Әшірбай» мешітін салды, Сихым бабаның ескерткішінің тұрғызуына, ауыл туралы кітаптардың шығуына қаржылай қолдаушысының бірі болып жүр және Ақжар ауылының (Алматы облысы) балалар үйіне тұрақты түрде көмек көрсетіп отырады. Уақытында өзі бірінші білім алған Қазақмемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 3 студентіне атаулы 1 жылдық шәкіртақы тағайындаған (2014-2015 оқу жылы). Сондай ақ көптеген әртүрлі қайырымдылық іс-шараларға үнемі белсенді қатысады.
Отбасында екі ұлы, он шақты немерелері бар.
ҚАСЫМ БАЛҚИЯ ҚАСЫМҚЫЗЫ
филология ғылымдарының докторы, профессор. Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы. Ы.Алтынсарин медалінің иегері.
Балқия Қасым 1949 ж. 05-желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында, Ж.Аймауытов атындағы ұжымшарда туылған.
Павлодар педагогикалық училищесін (1964-1968) бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алды. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы мамандығын алды (1970-1974).
ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі институтының аспирантурасын (1976-1980) бітірді.
Ғылыми зерттеу бағыттары: қазақ тілінің сөзжасамы, қазақ тілінің морфологиясы, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, аталым және уәждеметану теориясы, семасиология, когнитивті лингвистика,лексикография, т.б.
1976-1991 жылдарда ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері.1991 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы факультетінде аға оқытушы, доцент, профессор қызметін атқарды.
1993-1997 оқу жылдарында Қазақ филологиясы факультетінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болды. 2003-2013 дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мемлекеттік тіл қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2013 жылдан «Қазақ тілінің теориясы және әдістеме» кафедрасында профессор қызметін атқарып келеді.1992жылдан филология ғылымдарының кандидаты, 1997 жылдан – доцент.
2002 жылдан филология ғылымдарының докторы, 2004-жылдан ЖАК-тың профессор, 2010 Педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым академиясының академигі атағы берілді.
Негізгі мәліметтер. Қазақ тілінің сөзжасам, морфология, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, лексикография, лексикология, семасиология, когнитивті лингвистика, функционалды грамматика, уәждеметану, терминология, қазақ тілінің оқуту әдістемесі курстарыт.б.мәселелеріне арнап зерттеу жұмыстарын және қазақ тілі мамандарына арналған оқулықтар, қазақ тілінің әдістемесі және өзгетілді аудиторияға арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер» атты кандидаттық диссертация, «Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері» атты докторлық диссертация қорғады.
Негізгі еңбектері: Профессор Балқия Қасымның қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған бағдарламалары, оқулық, оқу құралдары мен сөздік жинақтары оның ізденгіш ұстаз, тәжірибелі педагог екенін айғақтайды. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер (1996), Қазіргі қазақ тілі» (авторлар бірлестігі) (1997), Күрделі зат есімдер сөздігі (1999), Күрделі аталымдар сөздігі (2016), Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым (2001), Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының сөзжасамдық құрылымы мен үлгілері (2000, 2016), Қазақ грамматикасы (авторлар бірлестігі) (2002), Сөзжасам: семантика, уәждеме (2003, 2007), Қазақ тілі (авт.бірлестігі.) (2003), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (авт.бірлестігі.) (2005), Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным. Монография (2010), Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалы аспектісі. Ғылыми мақалалар (2010), Қазіргі қазақ тілі. Оқулық (авторлар бірлестігі, 2005, 2012), ТҮРКІ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Оқу құралы (2013), Когнитивтік лингвистика: Таным. Уәждеме. Монография (2014), Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқу құралы (2014, 2016), Метафоралы аталым: когнитивті-семантикалық сөзжасам. Моногрфия (2015), Қазақ тілін оқыту әдістемесі (авторлар бірліестігі,2016), Когнитивті семантика(2018) т.б. 12 монография, 400жуық еңбектің және Ғылыми Жобалар, Типтік оқу бағдарламаларының мен стандарттардыңавторы. Ғылыми жетекшілік еткен Жобалары: «Білім» ғылыми жобасының зерттеу тобы құрамында (Келісімшарт №44 01.04.2010 ж. ҚР БҒМ) тапсырысы бойынша Балқия Қасымқызы «Филолог мамандарға тіл мен әдебиет пәндерін оқытудың ғылыми-инновациялық әдістемесі» тақырыбындағы ҒЗЖ қатысты. Жоба нәтижесі: оқулық «050117 (5В011700) Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ҚР білім және ғылым министрлігінің грифімен (белгісімен) баспадан жарық көріп, қазіргі таңда республиканың ЖОО-ның филология факультеттері студенттерінің оқу үрдісінде қолдануда.
Б.Қасымның«Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным» атты (Монография, 2010) еңбегінде күрделі атаулардың уәжділігіне байланысты тұжырымдама. Сөздің уәжділігі жайында В.Гумбольдт, Ф.де Соссюр, Е.С.Кубрякова, И.С.Улуханов, О.И.Блинова т.б. зерттеулеріне сүйене отырып, тіл білімінде бұрын негізінен синтетикалық сөзжасамда қолданылып келген уәжділік, уәждеме (мотивация) теориясын автор аналитикалық сөзжасамда қолданып, сөзжасамдық уәждеме теориясын ары қарай кеңейткен. Сөзжасамдық уәждеме арқылы шындық болмыс, ұғым, түсінікпен сәйкестендіріліп атау (аталым) пайда болады. Уәж – жаңа күрделі атауды қалыптастыруда негізгі себепші болып табылады. Уәждеме күрделі атаулардың (туынды сөз) туынды мағыналарын қалыптастыратын үрдіс деп түсіндіреді. Күрделі туындының уәждемесі үш деңгейде: бірінші, таңба–шындық болмыс–семиотика деңгейінде, екінші, мағына–тұрпат–одан лексикалық уәждену деңгейінде, үшінші, таңба-сөзжасамдық уәждену деңгейінде іске асырылатынын көрсетеді. Бұдан ары уәждеменің айқын, жасырын түрлеріне тоқтаған. Айқын уәждеме – күрделі атаудың сыңарларының уәжі мән-мағынасы айқын жағдайды білдіреді. Жасырын уәждеме – күрделі атаудың сыңарлары өздерінің бастапқы тура мағынасында емес жағдайды білдіреді.Автордың күрделі атау уәждемесін тура және жартылай уәждеме деп жіктеуі де осы айтылған айқын, жасырын уәждемелермен ұштасып жатыр. Жалпы қазақ сөзжасамында уәжділік мәселесі кең көлемде проф. Б.Қасым еңбектерінде көтерілген. Үшінші, аталымдық белгі, оны таңдау туралы тұжырымдама. Автор атаудың (аталымның) пайда болуында аталатын нысанның өзіне тән белгісін анықтауға, яғни белгі таңдаудың мәні зор екеніне көңіл аударған. Аталым (номинация) белгісін анықтамайынша атаудың семантикалық құрылымын айқындау мүмкін емес. Белгі таңдауды – аталымды, жаңа лексеманы жасаудың негізі, оны қалыптастырушы тәсіл ретінде қарастырған. Абай атамыздың сөзімен айтқанда: талап, еңбек, терең ой екені даусыз. Талаптанды ғалым болды, еңбектенді ұлағатты ұстаз атанды. Ал терең ой оны ғылымның қыр-сырын ашуға жетеледі. Ол ғылым – сөзжасам ғылымы.
Профессор Қ.Б.Қасымқызы түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына байланысты зерттеулеріндежазба ескерткіш материалын зерттеудің түркі филологиясы ғылымында қалыптасқан негізгі әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, түркі тілдер грамматикасындағы етістік сөз табының құрылымын, лексика-грамматикалық категорияларын, түрлері мен лексика-семантикалық топтарын, Көне жазба ескерткіштердегі етістіктің бұйрық рай категориясының қолданылуын, т.б. қазіргі қазақ тілімен салыстыра зерттей отырып, сол кездегі қалпы мен қазіргі қалпын салыстыра анықтаған.
Республикалық ҚАЗТЕСТ ұйымдастырған TOEFL жүйесі бойынша жасалынған тест тапсырмаларын құрастыруға атсалысты. 2006-2010 – ҚАЗТЕСТ сараптау комиссиясының мүшесі, аппеляциялық қомиссиямүшесі.Әлемде мойындалған тілдік білімді бағалаудың халықаралық стандарттары болып табылатын DALF/DELF, IELTS, TOEFL, т.б. сияқты тиімді жүйелерге сүйене отырып, Қазақстан республикасында қазақ тілін өзгетілді топтарда оқыту мен дамытудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, деңгейлерін, міндеттері мен мақсаттарының стратегиясына негізделіп жазылған «Қазақ тілінің практикалық курсы» типтік бағдарламасының авторларының бірі (2004, 2007, 2009 жж.) Қазақстан Республикасы білім беру саласында қабылданған Стандарттар мен «Шет тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық құзіреттері: оқу, оқыту, бағалау» (Страсбург-2001) халықаралық стандарттардың әдіснамалық нұсқаларын басшылыққа ала отырып, орыс тілді аудиторияларда осы бағдарламалық ұстанымдардың негізінде жасалған силлабус үлгілері және кредиттік оқу жүйесіне қатысты оқу әдістемелік кешендері барлық республикалық ЖОО-ның тілдерді оқытудың көпдеңгейлік жүйесінде кеңінен пайдалануда. Қасым Б.Қ. ҒЗЖ ғылыми жетекшілігімен «Кәсіби қазақ тілі» кредиттік технология арқылы оқыту жүйесіне негізделіп, оқу құралы жарық көрді. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі: оқу құралы «Кәсіби қазақ тілі» көлемі 15 б.т., гуманитарлық-жаратылыстану факультетінің орыс бөлімі студенттеріне, т.б. арналған оқу құралдары – қазіргі оқу жүйесінде студенттер мен оқытушылар кеңінен қолданып жүрген еңбектер.
2009 ж.«Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық жұмыстар» оқу құралына ҚР ӘМ Зияткерлі құқық Департаменті бекітуімен авторлық куәлік берілді.
Халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары көлемінде баяндамалар жасап, ғылыми мақалалары алыс (Түркия, Қытай, Корея, Грекия, Франция, Испания, Чехия, Польша, Болгария, Англия), жақын шетелдерде (Ресей:Мәскеу, Новосибирск), Татарстан (Қазан), Башқортстан (Уфа), Саха(Якутия), Қырғызстант.б.жарық көрді.
МагистранттаржәнеPhD ғылыми жетекшілік жасайды, ҚР-ның ғылым саласында филология мамандықтарынан докторлар мен кандидаттар дайындады. Екі рет 2007, 2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2008), «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» Ы.Алтынсарин атындағы медаль (2010) марапатталды.
ҚОСЫМОВА ГҮЛБАНУ СЕЙІЛБЕКҚЫЗЫ
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі. «Түркі тілдерінің дамуына үлес қосқан ғалым» атты халықаралық марапаттың иесі.
Қосымова Гүлбану жалпы білім беретін орта мектепті Ақтөбе облысы, Шалқар қаласынан үздік бітірген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1977 жылы үздік дипломмен аяқтаған. 1977-1979 жылдары Ақтөбе облысы Шалқар қаласында орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Абай атындағы КазПИ-дің аспирантурасында оқыған. Институттың қазақ тілі кафедрасында 1984 жылдан бастап жұмыс істейді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанынан ашылған лицейде және колледжде 1995-2013 жылдар аралығында үздіксіз қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қосымша қызмет атқарды, «жоғарғы санатты мұғалім» атағын иеленді. Мұнымен қоса 12 жыл Халықаралық Америка мектебінде қазақ тілінен сабақ беріп, оқытудың әлемдік жаңа технологиясын меңгерді. 1991 жылы «Қазақ эпосындағы фразеологизмдер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленді. 1996 жылдан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жалпы тіл білімі және қазақ тілінің тарихы кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2003 жылы “Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы” атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағына ие болды. 2007 жылдан осы университеттің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының, кейін жалпы тіл білімі кафедрасының, 2017 жылдан қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Докторлық Ғылыми Кеңестің бірнеше жыл қатарынан мүшесі әрі ғалым хатшысы болды.
Атақ-дәрежелері: “ҚР Білім беру ісінің үздігі” белгісімен (1995), “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісімен (2003) марапатталған. “Жоғары оқу орнының Үздігі” (2006) грантының жеңімпазы. 2011 жылы 8 қарашадан Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі,2013 жылы 26 қыркүйектен Ресей Ғылым академиясының «Көрнекті ғалым» атағының иесі. 2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері.2016 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Ғылым мен білімге үлес қосқан ғалым» атты Абай төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы Түркия Президенті Ережеп Эрдоганның қолынан «Түркі тілдерінің дамуына үлес қосқан ғалым» атты халықаралық марапатқа қол жеткізді. Осы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медаліне ие болды. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ғылыми ізденістер саласы: Шумерология және түркітаным мәселелері, көне түркі тілі, қазақ тілінің тарихы, тарихи лексикология, тарихи грамматика, шешендік өнер, қазақ тілін оқыту әдістемесі.
ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2008-2011 жылдарға арналған «Қазақ тілі тарихи лексикасының даму кезеңдері және трансформациялық өзгерістердің ғылыми-теориялық негіздері» атты фундаменталды ғылыми жобасының жетекшісі әрі орындаушысы болды.
Г.Қосымованың ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 21 магистрант пен 4 PhD докторант қорғады. 200 –ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген: оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ғылыми мақалалар, тұжырымдама, стандарт және бағдарламалар. Жалпы орта білім беретін мектеп Тұжырымдамасы мен Стандартының, “Қазақ тілі” бағдарламаларының және 5,7,8,11 – сынып “Қазақ тілі” оқулықтарының және 5,7,8,11 – сынып мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдардың, 12 жылдық білім беру стандартының және «Қазақ тілі» бағдарламасының, 12 жылдық білім беретін орта мектептің 11-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы мен мұғалімдерге арналған «Әдістемелік құралдың» авторы. Университеттің бакалавриатында оқылатын «Қазақ тілінің тарихы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Көне түркі тілі», «Қазақ шешендік өнері» пәндерінің типтік бағдарламаларының; магистратура мен докторантурада оқылатын міндетті пәндер – «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері», «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары» бағдарламаларының авторы. Шетелдік ғалымдармен бірігіп жазған магистратураның 6M011700 – қазақ тілі мен әдебиеті, 6M012100 –қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті; докторантураның 6D011700-қазақ тілі мен әдебиеті, 6D012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған Стандарттар мен «Білім беру бағдарламаларының» авторларының бірі.1995--2000 жылдар аралығында ҚАЗТЕСТ сараптау комиссиясының құрамында сарапшы болды.
Әр жылдары жарық көрген «Қазақ эпосындағы тұрақты тіркестер», «Көркем текске тілдік талдау»,“Шешендік өнердің негіздері”, “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы”, «Қазақ тілінің тарихы», «Тарихи атаулардың этимологиясы», «Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. Шумерология және түркітаным мәселелері», «Функционалды грамматика» атты кітаптардың авторы. Көне түркі руникалық ескерткіштердің электронды қоры мен “Қазақша – кәрісше” сөздігін құрастырушы.
Шумер және көне түркі тілінің қазақ тіліне жақындығы, шумер әдебиетінің көшпенділер философиясымен байланысы, қазақ тілінің тарихына және сөз өнеріне, оқытудың жаңа технологияларына қатысты мәселелер бойынша Греция, Индия, Кипр, Түркия, Ұлыбритания, Италия, Испания, Чехия, Қытайда өткен Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда, сондай-ақ Қазақстанда өткен халықаралық/республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцяларда баяндама жасап, шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалары жарияланды.
Шумер тілі, көне түркі және орта ғасыр түркі тілдері бойынша зерттеулері бойынша қазіргі түркі тілдерінің зерттеу орталығына айналып отырған Түркия мемлекетінде бірнеше мәртебе Құрылтайлар мен симпозиумдарға, конгрестерге қатысып, зор мәртебеге ие болды.
Қосымова Гүлбану кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Германия, Польша, Португалия, Чехия, Түркия мемлекеттерінде ғылыми тағлымдамадан өтті. Польшаның Uniwersytet Warminsko- Mazurski W OlztynieCentrum Badan Europy MschodnieSWIADECTWO тағлымдамасында (30 июня-13 июля 2013) ; Центр за иновации в образованието ПРОТЕКТА, курс (№ 6784/ 30.12.2013 г.) на тема «Европейски подход за професионалната подготовка за научно-педагогическите кадри» от 18 во 30 Дукумври 2013 тағлымдамасында; Испанияның Гранада қаласында өткен ОТӘОХА-ның XIII Конгресінде (2015), 2015 жылы Португалия, г. Порто қаласында ISEP INSTITUTO SUPERIOR DE ENGENHARIA DO PORTO SHORT COURSES. Porto, 9 th June 2015 және «Өрлеу» біліктілігін арттыру курсында;Канада Монтреал «Traning without borders» орталығының директоры, Оксфорд академигі G.RUDIC өткізген «HOW TO EVALUATE TEXTBOOK GUALITY IN JUST 20 MINUTES» атты семинар –тренингкте (2016);2017 TURK DILI VILI. 22-26 Mayis 2017 tarihlerinde yapilan YIII. . Uluslararasi Turk dili kurultavi; 2017 TURK DILI KONUSAN ULKELER KURULTAYI. 13-16 қараша 2017.2018 жылыАнкарадағы Жаңа стратегиялық зерттеу орталығы ұйымдастырған Kabul Mektubu-“Atebetü'l-Hakâyık ve İlk Dönem Türkçe İslâmî Eserler Sempozyumu”.
Г.Қосымованың ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 21 магистрант пен 3 PhD докторант қорғады, тағы 1 докторанты докторлық диссертациясын қорғау алдында. 6D021300-Лингвистика мамандығы бойынша 2 докторант докторлық жұмысын әзірлеу үстінде.
Профессор Г.Қосымованың жетекшілігімен 2005 жылы қарашада Оспанова Баянды «Сәрсен Аманжоловтың синтаксис теориясының ғылыми негіздері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді. 2009 жылдың ақпанында Ерғожина Шаттыгүл «Құрмалас сөйлемдерді оқытудың шығармашылықпен жұмыс істеу әдістемесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.
Профессор Г.Қосымованың жетекшілігімен 2013 жылы қарашада Абдулжанова Зиядам Ахметжановна «Ауызша тілдегі тілдік бірліктердің қатысымдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, 6D021300-Лингвистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. 2016 жылы желтоқсанда Иманқұлова Меруерт «Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулері бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін иеленді. 2017 жылдың қараша айындаБалхимбекова Перизат Жанатовна««Смысловой объем дихотомии создавать/разрушать и ее языковая экспликация (на материале русского, английского и казахского языков)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, 6D020500-Филология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленді. Докторант Карбозова Бұлбұл Давлетханқызының 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша «Қазақ мәтіндеріндегі омонимдерді когнитивтік- семантикалық тұрғыдан оқыту»деген тақырыпта докторлық диссертациясы дайындалып, 2018 жылы күзде қорғауға шықпақшы.
6D021300-Лингвистика мамандығы бойынша Иманқұлова Жанна Сейтбековна «Көне түркі ескерткіштеріндегі фразеологизмдердің прагматикалық әлеуеті»деген ғылыми тақырыпта, Бурибаева Жанар «Дискурстың мәдени-қоғамдық сипаты: оның тілдегі көрінісі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын әзірлеу үстінде.
Профессор Г.Қосымованың ғылыми жетекшілігіндегі магистранттар «Педагогикалық риторика мәселелері», «Шешеннің интеллектуалдық Мені», «Шешеннің психологиялық Мені», «Синтаксистік парадигма» және тағы басқа қазіргі филология ғылымының өзекті мәселелерімен айналысуда.
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Лингвистика, филология және әдебиеттану мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.ҚР Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ұлттық сарапшысы.
Г. Қосымова - өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор және кәсіби біліктілігі жоғары, жан-жақты білімді маман. Гүлбану Қосымованың қызы –Зеріп Қосым Қазақстанның ең таңдаулы оқу орындарының бірі КИМЭП-тің Баклавриаттың Халықаралық журналистика факультетін және аталған оқу орнының Магистратурасының «Халықаралық қатынастар» мамандығын үздік бітіріп, қазір Астана қаласында өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.
БАЛТАБАЕВА ЖАҢАЛЫҚ ҚЫЛЫШҚЫЗЫ
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Жоғары оқу орнының үздігі.
Жаңалық Қылышқызы Балтабаева(19.05.1951, Гурьев обл.Таушық).
Ж.Балтабаева 1974 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған. 1981-1985 жылдарда Республикалық Оқу әдістемелік кабинетте әдіскер, 1985-1987 жылдарда Ы.Алтынсарин атындағы ҒЗИ-да аға ғылыми қызметкер болып істеді. 1987-1997 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент болып қызмет атқарды. 1997 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-да доцент, университет профессоры қызметін атқарып келеді. 1997-2000 және 2008-2010 жж. филология факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1984 жылы түркі тілдері саласы бойынша профессор Н.Оралбаеваның жетекшілігімен «Семантико-стилистические функции неоформленного родительного и винительного падежей в казахском языке» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1992 жылы доцент атағы берілді. 2009 жылы «Жоғары оқу орнында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері(қазіргі қазақ тілінің морфология саласы бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алды.
Қазір Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР БжҒМ-нің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының және ҚазҰПУ-дың «үздік ұстаз» төсбелгісінің,Францияның «Мария Аньези» атындағы медалінің иегері, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының және халықаралық КОНКОРД академиясының корреспондент мүшесі, Оңтүстік Ресей Лингвист-эксперттер ассоциациясының мүшесі.
Ғылыми бағыты: қазақ тілінің морфологиясы, қазақ тілінің сөзжасамы, қазақ тілін оқыту әдістемесі және когнитивтік лингвистика.
Ж.Балтабаеваның ғылыми мақалалары «Советская тюркология» журналында, Мәскеуде, Новосибирскіде, Ташкентте, Бішкекте, Уфада,Түркияда, Қытайда, Австрияда, Францияда, Чехияда, Испанияда, Жапонияда жарық көрді.
Ж.Балтабаева Франция мемлекетінің Париж қаласындағыХалықаралық КОНКОРД Академиясы ұйымдастырған «Organizations internationalscientifique» атты курста, Ресейдің Дондағы Ростов қаласындағы Южный Федеральный университетінің Филология, журналистика және мәдениетаралықкоммуникация институтында «Лингвистикалық сараптама»бағдарламасы бойынша курста, Ресейдің Санкт-Петербургтегі мемлекеттік университетінде, сондай-ақ Польша,Чехия мемлекеттерінде ғылымитағылымдамадан өтті.
Түркия мемлекетінің Нийде қаласындағы Нийде университетінде ұйымдастырылған 1- Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумында (2014), Испанияның Гранада қаласында өткен ОТӘОХА-ның XIII Конгресінде (2015), Антальяның Сиде қаласында болған «I- Евразиялық Тіл білімі және Гуманитарлық ғылымдар конференциясында (2017), Малатия қаласында өткен 9-түркі тілдері симпозиумында (2017), Дубайда өткен «Развитие научного потенциала высшей школы»атты халықаралық конференцияда (2018) баяндама жасады.Түркия мемлекетінің Нийде қаласындағы Нийде университетінде ұйымдастырылған 1- Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумының ұйымдастырушылар алқасының мүшесі болған.
Ж.Қ.Балтабаеваның жетекшілігімен 3 РһD докторант, 20 шақты магистрант ғылыми диссертацияларын ойдағыдай қорғады. Қазір де 2 докторанттың ғылыми жұмысына жетекшілік етуде. Оның жетекшілігімен ғылыми жұмыс жазған докторанттар мен магистранттардың тақырыптары қазақ тіліндегі когнитивтік лингвистика және қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелеріне арналған.
Ж.Қ.Балтабаева - жалпы білім беретін мектептер мен ЖОО-на арналған оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік құралдардың, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен білім беру бағдарламаларының авторы. Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтар:1. 11-жылдық бастауыш мектептің 2,3,4-сыныптарына арналған«Қазақ тілі» оқулығы. 2. ЖОО-на арналған «Қазақ тілінің сөзжасамы»(авторлық бірлестікпен) оқулығы.
Монографиялар: 1.Современные аспекты педагогической работы /коллективная монография . Одесса, Изд. Куприенко С.В. 2013. -с.127-140.
2. «Концепт «предательство» в казахском языке. Lap lambert Akademic Publishing RU, 2017, (авторлық бірлестікпен). 3.Тіл дамыту: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2018.
ҚР БжҒМ және Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралдары:1.«Семантико-стилистические функции неоформленного родительного и винительного падежей в казахском языке». Учебное пособие для студентов. 2. « Қазіргі қазақ тілі». Студенттерге арналған оқу құралы (авторлық бірлестікпен)3. «Сөзжасамды оқыту». Оқу құралы. 4.«Дидактикалық материалдар (2,3,4-сыныптар)5. «Қазақ тілі.»Әдістемелік құрал. (авторлық бірлестікпен)6. «Практикалық қазақ тілі: ғылыми стиль». Электронды оқу құралы (авторлық бірлестікпен)7. «Қазақша-түрікше, түрікше-қазақша сөздік» (авторлық бірлестікпен).
Білім беру стандарттары, білім бағдарламалары және үлгілік оқу бағдарламалары:1.5B011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (бакалавр),(магистратура),(докторантура) ( (авторлық бірлестікпен)
2.5B012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (бакалавр),,(магистратура),(докторантура) ( (авторлық бірлестікпен) (авторлық бірлестікпен) 3. Функционалды грамматика.Үлгілік оқу бағдарламасы(авторлық бірлестікпен) 4.Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары. Үлгілік оқу бағдарламасы(авторлық бірлестікпен)3.Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. Үлгілік оқу бағдарламасы. (авторлық бірлестікпен) 5.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы».Үлгілік оқу бағдарламасы. (авторлық бірлестікпен) 6. Қазақ тілі фонетикасы.Үлгілік оқу бағдарламасы. (авторлық бірлестікпен) 7. «Орфография және пунктуация теориясы.Үлгілік оқу бағдарламасы. (авторлық бірлестікпен) 8. «Педагогикалық риторика».Үлгілік оқу бағдарлама (авторлық бірлестікпен)9. «Зерттеу әдістері».Үлгілік оқу бағдарлама (авторлық бірлестікпен) 10. «Критериалды бағалау технологиясы».Үлгілік оқу бағдарлама (авторлық бірлестікпен).
Ж.Қ.Балтабаева сондай-ақ 120-дай ғылыми мақалалардың авторы. Ж.Қ.Балтабаева РОӘК-нің «Білім» тобы бойынша 5В012100, 6М012100, 6D012100- Қазақ тіліндеоқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша секцияның мүшесі, Абай Атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысының (филология сериясы) редакция алқа мүшесі, Филология және көптілді білім беру институты Ғылыми кеңесінің мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Лингвистика, филология және әдебиеттану мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.